Аудан әкімінің Қарақай ауылдық округі тұрғындарымен кездесуінде қойылған сұрақтардың орындалу барысы

 

№

Сұрақ

Жауап

1

Жанұзақов Жұмабек Адамбекұлы, Қарақай е/м, Сейдалиев көшесі №34 үй.

1. Қарақай елді мекені Сейдалиев-Ж.Абенов көшелерінің қиылысында орналасқан жарамсыз тік дренаждарды іске қосуды сұрайды.

2. Ж.Абенов көшесіне аяқ жол салу.

3. Қарақай елді мекеніне спорт алаңшасын салуды сұрайды.

 

1. Елді мекен ішіндегі тозығы жеткен тік дренаж анықталып, қазіргі таңда коммуналдық меншікке алу үшін құжаттар рәсімделуде.

2. Ұзындығы 586 метрді құрайтын Ж.Абенов көшесіне 2022 жылы жергілікті бюджет есебінен аяқ жол салу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

3. Қарақай елді мекенінен спорт алаңшасын салу үшін жер телімінің оң қорытындысы алынған. Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің атына шешімі шығаруға және мемлекеттік АКТ алуға тиісті жұмыстар жүргізілуде.

2

Төреханов Ермекбай, Сәтпаев елді мекені, Құрманғазы көшесі №26 үй.

Сәтпаев елді мекеніндегі мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуді сұрады.

2018 жылы «Сатпаев» ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалау сметалық құжаттама дайындалған. Алайда, 2021 жылдың ақпан айында ЖСҚ-ның жарамдылық мерзімі аяқталған. Осыған орай, 2022 жылы Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне аудан әкімдігі тарапынан жергілікті бюджеттің есебінен аталған мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге жобалау сметалық құжаттаманы қайта рәсімдеу үшін қаржы қаралған. Қазіргі таңда, ЖСҚ дайындалуда.

3

Нәлібаев Сансызбай, Еңбек елді мекені, Жаңа құрылыс көшесі №8 үй.

1. Еңбек елді мекеніндегі ауыз су мұнарасын ауыстыру.

2. Құттымекен, Нұрлыжол көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрады.

1. Қарақай ауылдық округінің Еңбек елді мекеніндегі ауыз су мұнарасын ауыстыру жұмыстарына сметалық құжаттамасы әзірленіп, қажетті қаржы көлемі анықталған. Алдағы уақытта бюджеттік комиссияға қаржыландыруға ұсынылады.

2. Еңбек елді мекеніндегі ұзындығы 700 метрді құрайтын Құттымекен көшесіне 2022 жылы ағымдағы (тас төсеу) жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Нұрлы жол көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттамасы жасақталуда.

 

 

Дата публикации
26 апреля 2022