|
№ |
Сұрақ |
Жауап |
|
1 |
Бишораев Нұрғали Буланович Мыршашоқы елді мекені, Ардагер көшесі № 39 1. Қазіргі таңда пайдаланып отырған ескі ауыз су мұнарасына жаңадан тартылған ауыз су жүйесін қосуды сұрайды. 2. Мырзашоқы елді мекеніндегі, Береке көшесіне (ұзындығы 830 метр) асфальт жол салу. |
1. Мырзашоқы елді мекендегі қолданыстағы ауыз су мұнарасы жаңадан құрылысы жүргізілген ауыз су жүйесі іске қосылғаннан кейін, су жүйесіне қосылатын болады. Қазіргі таңда, жаңадан жүргізілген ауыз су жүйесін іске қосу мақсатында «Оңтүстікауызсу» РМК мекемесінің теңгеріміне беру рәсімдері жүргізілуде. 2. Ұзындығы 830 метрді құрайтын Береке көшесіне 2022 жылы жергілікті бюджет есебінен орташа жөндеу жұмыстарына 22 133 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. |
|
2 |
Торыбаев Азимбай Туякович Мыршашоқы елді мекені, Ардагер көшесі №34 1. Мырзашоқы елді мекенінде орналасқан 1 дана тік дренажды іске қосу. 2. Мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген минералды тыңайтқышты (селитра) уақытылы беруді сұрады |
1. Елді мекен ішіндегі тозығы жеткен 1 дана тік дренаж анықталып, қазіргі таңда коммуналдық меншікке алу үшін құжаттар рәсімделуде. 2. Мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген минералды тыңайтқыштарды аммиак селитрасын «КазАзот» АҚ толық құнымен (1 тоннасы 160 000 мың теңге) сатып алуға болады. Алдағы уақытта 50 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланып жеке есеп шоттарына төленіп берілетін болады. |
|
3 |
Азбергенов Сабит Мухтарович Мырзашоқы елді мекені, Молшылық көшесі №10/1 1. Тілінде мукістігі бар оқушылар үшін логапет мамандығын мектептерден ашу туралы ұсынысын айтты. |
1. Білім беру ұйымдарында білім алатын тіл мүкістігі бар білім алушылармен қазіргі таңда білім мекемелеріндегі дефектологтар жұмыс атқаруда. Ал, педагог-ассистент және логопедтердің жұмысын білім мекемелерінде ұйымдастыру бойынша Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасына сұраныстар жолданған (39 білім мекемесіне , педагог-ассистент және 27 білім мекемесіне логопункт ашу бойынша). |
|
4 |
Жаксылыков Базарбай Байқоныс елді мекені Ш.Құдайбердиев көшесі № 52 1.Байқоныс елді мекенінен мәдениет үйін салу бойынша 2. Байқоныс елді мекені, Балқаш көшесі бойынан аяқ жол (тротуар) салуды сұрайды. |
1. Байқоныс ауылынан мәдениет үйін салуға ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №66 шешімімен 5966 ш/м жер телімі бөлінген. Бөлінген жер теліміне мәдениет үйінің құрылысын салу үшін ЖСҚ жасау мақсатында СЖТ (АПЗ) құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізіліп, құзырлы мекемелерден техникалық шарттар алу жұмыстары (Газ, свет, сэс-тен рұқсат алу, топотүсірілім жасау) жүргізілді. Бүгінгі таңда, аталған құжаттар жинақталып ЖСҚ әзірлеу үшін Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне тапсырылған. 2. Байқоныс елді мекеніндегі ұзындығы 700 метрді құрайтын Балқаш көшесіне аяқ жол салу жұмыстарына сметалық құжаттамасы жасалынып, қажетті қаржы көлемі анықталған. Осыған орай, алдағы уақытта аудандық бюджеттік комиссияға қаржыландыруға бюджеттік өтінім жолданады. |
|
5 |
Жуманов Дуйсен Баққоныс елді мекені момышұлы көшесі №31 А 1.Баққоныс елді мекенінің автомобиль жолдарын күрделі жөндеуден өткізуін 2. Баққоныс елді мекенінен спорт алаңшасын салуын сұрайды. |
1. Баққоныс елді мекені бойынша 2022 жылы жалпы ұзындығы 3,05 шақырымды құрайтын Момышұлы, Майтөбе, Яссауий, Жоба, Самұратов көшелеріне орташа жөндеу жұмстары жүргізіледі. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. 2. Баққоныс елді мекенінен спорт алаңшасын салу мақсатында жер телімі қарастырылуда жер телімі анықталған жағдайда тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. |