Құрметті Жетісай ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері!

  • Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйегіндегі № 72 бұйрығына сәйкес сұранысқа ие мамандықтар тізбесі төмендегідей болып бекітілгендігін және құжаттарды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "электрондық үкімет" веб-порталы (egov.kz) арқылы өтініш беруге болатынын хабарлаймыз.

             2022 жылға көтерме жәрдемақы бойынша 300 маманға, бюджеттік кредит бойынша 72 маманға бюджет есебінен қаржы бөлінген.

    «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысына сәйкес тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау шарасы ретінде берілетін мөлшері;

          1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

          2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып айқындалған.

             Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы  №72 бұйрығымен бекітілген қағидасына сәйкес (бұдан әрі – Қағида), өтініштерді қабылдау әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі (құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде) көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы немесе электрондық форматта "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

    а)көтерме жәрдемақы алған кезде:

    -  өтiнiш;

         - жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

         - бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

         - көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

          б) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

          - өтiнiш;

          - жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

          -  бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

           -  көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

           -сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

          -Кредиттік бюродан есеп құжаттарын, мамандықтар тізбесі бекітілгеннен кейін ұсынатындығын хабарлаймыз.

    в) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

           осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

          жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

          бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

          көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

          сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

          Кредиттік бюродан есеп.

Дата публикации
22 апреля 2022