Хабарландыру

Хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі №771 қаулысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауды қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы заңына, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына  сәйкес, Жетісай ауданы аумағындағы Өзбекстан Республикасымен шектесетін шекара сызығына қосымша 70 метр жер учаскесін бөлу (мемлекеттік қажеттілік) үшін, Жетісай ауданы әкімдігінің 19.01.2022 жылғы № 46 санды жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару үшін қаулысы қабылданып,  жер телімін пайдаланушы жеке және заңды тұлғаларға аудан әкімдігі тарапынан хабарламалар мен келісім шарт жобалары таратылған болатын.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабының 3-тармағына сәйкес, жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару жеке меншіктегі немесе жер пайдаланудағы (мемлекеттен сатып алынған немесе сатып алынбаған жер пайдалану құқығымен) жер учаскесіне қатысты жүзеге асырылады.

Жер пайдалануға берілген жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару, егер жер пайдаланушы берiлген құқықты мемлекеттен сатып алған болса, жер пайдалану құқығын сатып алғаны үшін төлемақы құны жер пайдаланушыға өтеле отырып жүзеге асырылады, сондай-ақ оның қалауы бойынша осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа жер учаскесі берілуі мүмкін деп көрсетілген.

Егер жер пайдаланушы берілген құқықты мемлекеттен сатып алмаған болса, оған осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орнына басқа жер учаскесі берілуі мүмкін.

Бұл ретте, жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарылған кезде жер пайдаланушыға шығынды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен толық көлемде жүзеге асырылатындығын көрсетілген.

Осы баптың 9-тармағында мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы осы Кодекске сәйкес жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулы қабылданғаннан кейін «Мемлекеттік мүлік туралы»Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауында белгіленгег тәртіппен келісім рәсімдеріне бастама жасауға құқылы туралы көрсетілген.

Осыған орай, жоғарыда көрсетілген қаулыға және Қазақстан Республикасының Жер кодексінің баптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстарын жүргізу үшін Жетісай ауданы аумағы мен Өзбекстан Республикасымен шектесетін шекара сызығына қосымша 70 метр жер учаскесіне еніп тұрған жер учаскелерінің орнына баламалы басқа жер учаскелерін ұсыну (беру) және келісім рәсімдерін жасау үшін Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Байботаев көшесі №28 «Б» мекен жайында орналасқан «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келулеріңізге болатындығын хабарлаймыз.

 

Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы М.Абуовa

Дата публикации
07 апреля 2022