2022 жылғы 23 ақпанда Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өткізіліп, онда аудандағы Атамекен ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу туралы мәселе қаралды.
Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Темірбеков ауылдық округ әкімдігіне кандидат болып тіркелген тұлғаларға куәліктерін тапсырды, оларға алдағы сайлауда сәттілік тіледі.
Отырыстың соңында АСК төрағасы алдағы сайлауға дайындық барысы туралы қысқаша хабарлама жасап, қатысып отырған баспасөз өкілдерінің сауалдарына жауаптар қайтарды.