Жетісай ауданы бойынша
қала маңындағы және қалалық
бағыттарда жолаушылар
мен багажды автомобиль
көлігімен тұрақты тасымалдау
тарифтерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабына және «Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы №614 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №7297 болып тіркелген) сәйкес, Жетісай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қала маңындағы бағыттарға жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдауға 1 шақырымға – 8 (сегіз) теңге.
2) Қалалық бағыттарға жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдауға – 80 (сексен) теңге.
1) осы қаулының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;
2) Осы қаулыны Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.