Қазақстан Республикасы Түркістан облысы Жетісай ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2021 жылдың 1-21 қазаны аралығында жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша
АНЫҚТАМА
Жетісай қаласы 21.10.2021 жыл
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік» қағидаларына және Жетісай ауданы әкімінің 05.01.2021 жылғы №1-ө/нқ «Жұмыс тобын құру туралы» өкіміне сәйкес, 2021 жылдың 1-21 қазаны аралығында Жетісай ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Асық ата кенті әкімінің аппараты
Персонал құрамы:
Асық ата кенті әкімі – Б.Сериков.
Басшылыққа тағайындалған мерзімі – 25.07.2021 жылы
Аппаратта жалпы штат саны–24.
Мемлекеттік қызметшілер саны–11.
Келісім шарт бойынша–13.
Нақты жұмыс істейтіні–24.
Бос лауазымдық орын – жоқ.
Тәртіптік жаза туралы:
2020 жылдың 4 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызметшілерге 2 - ескерту, 1-қызметіне толық сәйкес емес түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.
Әкім аппаратының кент тұрғындарын насихаттау жұмысы бойынша:
Зерделеу барысында кент әкімі аппаратында Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауларын насихаттау аясында атқарылған жұмыстары (мекеме қызметкерлерімен, кент тұрғындарымен өткен жиын хаттамасы, фото суреттері) болмай шықты.
Сонымен қатар, кент аумағындағы бөліп беруге арналған алаңдардың дайындығы туралы және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімдері туралы ақпаратқа қолжетімділікті тоқсанына бір рет қазақ және орыс тілдерінде арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру арқылы және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен қамтамасыз етілмегені анықталды.
Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабының 8 тармағын бұзу болып табылады.
«Асық ата кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылға бекітілген істер номенклатурасы бойынша аппарат қызметкерлерінде болуы тиіс іс-құжаттары мен жинақ папкасына да зерделеу жүргізілді.
Нәтижесінде істер-номенклатурасы бойынша төмендегі мамандарда іс-құжаттар мен жинақ папкалары болмай шықты.
08-07 – Ауданның халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауданның халықты жұмыспен қамту орталығымен хат алмасу және басқа да құжаттар папкасы – бар, алайда ауданның халықты жұмыспен қамту орталығына кент әкімі тарапынан жолданған шығыс хаттарда мекеменің (фирменный) бланкісін қолданбай (А4) ақ қағазбен жолдап отырғаны анықталды.
Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 144 бұйрығының 4 бабының талаптарын бұзу болып табылады.
Аталған бапта қазақ тіліндегі құжат және орыс тілінде немесе өзге тілде жасалатын теңтүпнұсқалы құжаттың әрқайсысы жеке бланкiлерде (жеке парақтарда) басылып шығарылады және бірыңғай деректемелермен рәсімделеді.
Осы бұйрықтың 5 бабында: «Құжатты жасағанда және рәсімдегенде бланкілер қолданылады. Бланкіде құжат деректемелері осы Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген құжат деректемелерінің орналасу схемасына сәйкес орналасады» – деп көрсетілген.
08-13 – Қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды және өзге де әлеуметтік құқықтық көмек көрсету жөніндегі құжаттар папкасы – бар.
Алайда құжаттарын зерделеу барысында төмендегі заң бұзушылық анықталды.
ҚАЖК Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті Жетісай аудандық пробация қызметі бөлім бастығы әділет майоры Д.Назаровтан 18.08.2020 жылғы шығыс №30-34-14-7-1651 санды хатпен кент әкіміне 18.10.1974 жылы туылған Б есімді азаматты 80 (сексен) сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту туралы жолдама-анықтама сот үкімін жолдаған.
Аталған жолдама-анықтаманы кент әкімі 18.08.2020 жылы бас маман – мәдениет және әлеуметтік сала маманы Е.Заурбековке бұрыштама қойып табыстаған.
Алайда әлеуметтік сала маманы Е.Заурбеков жолдама-анықтаманы алғаннан кейін орындауға қабылданғаны туралы Жетісай аудандық пробация қызметі бөліміне дереу хабарламағаны анықталды.
Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы «Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» №386 бұйрығының 2 бабының талаптарын бұзу болып табылады.
Аталған бапта Жергілікті атқарушы орган анықтама-жолдама мен сот үкімінің көшірмесін алғанда: сот үкімін алғаны және орындауға қабылдағаны туралы пробация қызметіне дереу хабарлайды» –делінген.
№07. Бас маман – салық агенті Е.Айдағараевта төмендегі істер номенклатурасы мен жинақ папкасы болмай шықты.
07-02 – Салықтық жоспарлау бойынша құжаттар (есептер, тізімдер, және кестелер, анықтамалар, және басқа да құжаттар) папкасы жоқ.
07-03 – салық төлеуден босату, жеңілдіктер беру, салықтар, өзге де алымдар бойынша төлемдерді шегіндіру немесе олардан бас тарту туралы құжаттар (өтініштер, шешімдер, ведомостер және басқа да құжаттар) папкасы арналған, алайда салық төлеуден босату, жеңілдіктер беру бойынша өтініштер мен өзге де құжаттар тігілмеген, тек қана папка ішіне кенттегі салық төлеушілердің тізімін тігіп қойғаны анықталды.
07-06 – Кент әкімі аппараты қызметшісінің жұмыс жоспары папкасы арналған. Алайда бекітілген жұмыс жоспарының 6 тармағы бойынша атқарылған жұмыстар тігілмегені анықталды.
Ұсынады
Әкім аппараты қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуді күшейту.
Әкім аппараты қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерді, құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында заңнама талаптарына сәйкес, құқықтық оқыту жұмыстарын жүргізу.
«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» орындалуын қамтамасыз ету.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі
талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы
Е.Алданиязов
С.Оразбаев
А.Алдабергенов
А.Есенбеков
С.Өмірзақов