Жетісай ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

 

 

 

 

 

Жетісай ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

 

       "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 509 бабының  5 тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 65 бабының 3 тармағына сәйкес, Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Жетісай ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері жиырма есеге арттырылсын.
  2. Жетісай аудандық мәслихатының «Жетісай ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» 2020 жылғы 25 қарашадағы №38-201-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5924 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жетісай аудандық

мәслихатының хатшысы                                                 А.Утанов

 

Дата публикации
22 октября 2021