Жетісай ауданында орналасқан білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңесті құру туралы хабарландыру!
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан көлемінде орналасқан әрбір білім беру ұйымында қамқоршылық кеңестің құрылатындығын хабарлайды.
Қамқоршылық кеңестің құрамына: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі және қайырымдылық жасаушылар шақырылады.
Құрметті ата-аналар! Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі және аудандағы білім мекемелері қамқоршылық кеңестің құрамы жөнінде ұсыныстарыңызды күтеміз. Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына (ҚР БжҒМ 27.07.2017ж. №355 бұйрығы, ҚР БжҒМ 08.02.2018ж. № 43, 02.04.2018ж. №123 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамы бекітіледі.
Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Мекен жайы: Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі, Жетісай қаласы, Яссауи көшесі №5 үй. Сонымен бірге аудандағы барлық білім беру ұйымдарына хабарласуға болады.
Телефон: 8 (72534) 6-52-65
«Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі