Жетісай ауданында әкімдікке кандидаттар ұсынудың қорытындылары туралы
2021 жылғы 10шілдеде өткен Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысында Асықата кенті, Ж.Ералиев, Жылысу, Атамекен ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттар ұсынудың қорытындылары қаралды.
Бұл мәселе бойынша АСК төрағасы Қ.Темірбеков хабарлама жасады. Ол өзінің сөзінде 2021 жылдың 26 маусымы мен 9 шілде арасында жоғарыда аталған ауылдық округтер әкімдігіне 19 кандидат ұсынылғандығын, олардың 10- ін саяси партиялар ұсынса, 9 кандидат өзін- өзі ұсынғанын, 1 кандидат сәйкес емес екендігі анықталды және 2 кандидат өз еркімен бас тартты, жалпы қорытындылай алғанда -16 кандидат ұсынылды. Барлығы 16-да ер кісілер.
Кандидаттардың орташа жасы 45 жас. Ең жас кандидат 23 жаста болса, ең ересек кандидат 61 жаста.
Мамандықтары бойынша: 7- экономист, 5 оқытушы, 4- ауыл шаруашылық мамандықтары, 1 заңгер.
Ұсынылған кандидаттардың арасында: 3- і –коммерциялық құрылымдардың жұмыскерлері, 5- і бюджеттік ұйымдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің жұмыскерлері, 8- і мемлекеттік қызметкерлер.
Қазіргі кезде ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттардың құжаттарын аудандық аумақтық сайлау комиссиясы тиісті мемлекеттік органдармен бірге зерделеп, олардың мемлекеттік қызмет саласындағы заң талаптарына сәйкестігін анықтап, 2021 жылғы 14 шілде күнгі сағат 18.00- ге дейін тіркеп үлгеруге әрекет жасауда.
Кандидаттар ұсынған құжаттарды зерделеу барысында бір кандидаттың құжаттары мемлекеттік қызмет саласындағы заң талаптарына сәйкес еместігі анықталды.