Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының № 22 ШЕШІМІ

ЖОБА

Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

№ 22 ШЕШІМІ

Жетісай қаласы                                                           2021 жылғы 25 маусым.

 

Жетісай ауданының жекелеген

ауылдық округтері әкімдерінің

сайлауын тағайындау туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 113-1 бабына сәйкес Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

І. 2021 жылғы 25 шілдеге Жетісай ауданының:

- Асықата кенті әкімінің;

- Ж.Ералиев ауылдық округі әкімінің;

- Жылысу ауылдық округі әкімінің;

- Атамекен ауылдық округі әкімінің сайлаулары тағайындалсын.

 

ІІ. 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Асықата кенті, Ж.Ералиев, Жылысу, Атамекен ауылдық округтері әкімдерінің сайлауларын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс- шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

 

ІІІ. Осы шешім Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет бетінде және аудандық «Жаңа Жетісай» газетінде жариялансын.

 

 

 

Жетісай аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                              Қ.Темірбеков

 

 

Комиссия хатшысы                                           Д.Сейдикеримова

 

Дата публикации
25 июня 2021