«Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу туралы» семинар-кеңес
Ж.Ералиев ауылдық округінде (22.06.2021 сағ 10.00), Асықата кентінде (23.06.2021 сағ 11.00) әкім аппараты ғимаратының мәжіліс залында өткізілді
Ағымдағы жылдың 24 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға және сайлау мәселелері бойынша басқа да заңнамалық актілерге қол қойды.
Бүгін Ж.Ералиевауылдық округінде және Асықата кентінде орналасқан учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу туралы» семинар-кеңес болды.
Семинар жұмысына Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты.
Семинар-кеңесте әкімдердің тікелей сайлауын өткізуге дайындық, мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және тағы басқа мәселелер қаралды.
Семинар барысында аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Қ.Темірбеков және комиссия хатшысы Сейдикеримова Дамира- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып, учаскелік сайлау комиссияларының алдында тұрған үлкен міндет- сайлау талаптарын мүлтіксіз сақтап, сайлауды заңнамаға сәйкес өткізуді қамтамасыз ету, сайлау комиссияларының мүшелерінен құзыреттілікті, жұмыстарының үйлесімділігін ерекше талап ететінін атап өтті.
Семинар белгіленген санитарлық- эпидемиологиялық талаптарға толық сәйкес өткізілді.