Мобильді топ құру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы   6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабының 3-тармағына және Жетісай ауданы аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясына байланысты карантин талаптарының сақталуы мен орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес, Жетісай ауданы аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясына байланысты карантин талаптарының сақталуы мен орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі аудандық мобильді топ құрылсын.
  2. Жетісай ауданының қала, кент, ауылдық округ әкімдері мобильді топ құрып, өз аумақтарында COVID-19 коронавирустық инфекциясына байланысты карантин талаптарының сақталуы мен орындалуына қатаң түрде бақылау іс-шараларын жүзеге асырсын.
  3. Осы шешімнің 2-14 қосымшасына сәйкес қала, кент, ауылдық округ әкімдері COVID-19 коронавирустық инфекциясына байланысты карантин талаптарының сақталуы мен орындалуын қамтамасыз ету үшін, кәсіпкерлік нысандарына және отбасылық іс-шараларға бақылауды жүзеге асырсын.
  4. Жетісай ауданы әкімінің 24.05.2021 жылғы «Мобильді топ құру туралы» №5 шешімінің күші жойылсын.
  5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды аудан әкімі аппараты басшысы міндетін уақытша атқарушы А.Есенбековке жүктелсін.

 

 

         Аудан әкімі                                                                    М.Қадырбек

Дата публикации
23 июня 2021