Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

 

1.Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Түркістан облысы Жетісай ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 8 мамырдағы № 458 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 8 мамырда № 5042 болып тiркелдi

Жетісай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "08" мамырдағы № 458 қаулысына 1 қосымша Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде берілетін
Түркістан облысы Жетісай ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 8 мамырдағы № 458 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 8 мамырда

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабының 4 және 6 тармағына сәйкес, Жетісай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес берілсін.

      2. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жетісай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Райымбековке жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Аудан әкімі Ж.Бейсенбаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жетісай аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясының төрағасы

      _______________Қ.Темірбеков

      "12" сәуір 2019 жыл

 

  Жетісай ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "08" мамырдағы
№ 458 қаулысына
1 қосымша

 

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі

 

Жүктеу

№

Әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы

Шарттық негізде берілетін үй-жайлар

1.

Жетісай қаласы

Амангелді көшесінде орналасқан "Жетісай аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы;

2.

Асықата кенті

А.Әлімбетов көшесінде орналасқан Асықата кенті мәдениет үйінің мәжіліс залы;

 

Дата публикации
21 июня 2021