«Аудандық маңызы бар қалалардың , ауылдардың , кенттердің ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу туралы » семинар-кеңес

«Аудандық маңызы бар қалалардың , ауылдардың , кенттердің ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу

туралы » семинар-кеңес

Құрметті әріптестер!

 

         Жақында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң мен бірқатар заңнамаларға сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, аталған нормалар биылғы жылы 4 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді.

                   Енді елімізде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, а/о әкімдерін сайлаушылар тікелей өздері сайлауға мүмкіндік алды. Биылғы жылдың екінші жартысында республика бойынша 836 әкім сайланбақ, солардың ішінде төртеуі- Асықата, Ералиев, Жылысу, Атамекен ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өткізіледі.

         Мұндай маңызды іс- шараны ұйымдастыру мен өткізу «ҚР- дағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 17- бабының талаптарына  сәйкес учаскелік сайлау комиссияларына жүктелген.

         Әкімдердің сайлауы Республика Президентінің, Мәжіліс, маслихат депутаттарын сайлаған тәртіппен өткізіледі. Дегенмен, бірер өзгерістер бар. Оның бірі- бюллетеньге «Бәріне қарсымын» деген жол енгізілген. Ал, екіншісі- сайлау бұрынғыдай екі ай бұрын жарияланбайды. Аудандық сайлау комиссиясы да, учаскелік сайлау комиссияларыда сайлау жарияланған күннен бастап бір ай бойы іске қызу кіріседі.

         Сайлау туралы Конституциялық заңның 18- бабында учаскелік сайлау комиссияларының өкілеттіктері анық белгіленген. УСК орналасқан жайды жабдықтау, жихаздармен, байланыс техникаларымен, жарықпен, сайлау процесіне қатысушыларға жағдай жасаудан бастап, комиссияның орналасқан жері, сайлаушылар тізімін нақтылау, тізіммен таныстыру, тізімдегі қателіктер мен жаңсақтықтар туралы арыздарды қарау, шешу, сайлаушыларды дауыс беру, жайы, жері, уақыты туралы хабардар ету, кабиналар құру, бюллетеньдер салынатын сайлау жәшіктерін дайындау, дауыс беруден жиырма күн бұрын аудан әкімі қол қойып мөрмен бекітілген сайлаушылар  тізімін актімен қабылдау, тізіммен бес күн жұмыс істеу, нақтылау, дауыс беруге он бес күн қалғанда онымен сайлаушыларды таныстыруды бастау, сайлау күні сайлау учаскесінде дауыс беруді ұйымдастыру (сағат 7.00- ден 20.00 ге дейін), дауыстарды санау, нәтижелерін анықтау, хаттамалар түзу, оларды және тізімдер мен бюллетеньдерді, басқа да  құжаттарды АСК- ға өткізу УСК мүшелерімен іскерлікті, қажыр- қайратты, мұқияттылықты талап ететіні түсінікті.

         УСК- ның басты міндеттерінің қатарында сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастыру, сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру, өткізу мәселелері де бар.

         Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы алғаш рет өткізіліп отырғандықтан, оған қызығушылық таныту саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар, журналисттер, жеке азаматтар, байқаушылар тарапынан орын алуы, сондай- ақ, олардың тарапынан олардың тарапынан арыз- шағымдар түсуі мүмкін. УСК- да 4 тіркеу журналы (кіріс, шығыс, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, кандидаттардың сенім білдірген адамдарын, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің т.б. байқаушыларын тіркеу) бар. Оларды мақсатты түрде пайдалануымыз керек.

         УСК мүшелерінің өздеріне жүктелген міндеттерді талап деңгейінде атқаруы үшін сайлау заңнамаларын жетік білуі, дұрыс қолдануы маңызды. Сондықтан, сайлау туралы заңнаманы топтасып оқып- үйренуді, талқылауды жолға қою қажет. УСК төрағалары осы жұмысты ұйымдастырулары тиіс. Сайлау комиссияларының мүшелері сайлау туралы заң талаптарын терең білуі және қатаң сақтауға міндетті.

        

АСК мүшелерімен

Жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен

 

 

УСК мүшелерімен

Дата публикации
09 июня 2021