Жетісай ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы

Жетісай ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы

 

 

                Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"  Заңының 39-3-бабы  6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің  «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жетісай ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібіосы шешімнің қосымшасынасәйкес бекітілсін.
  2. «Жетісай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Жетісай аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

         Аудандық мәслихат

         сессиясының төрағасы                                       Х.Кожбанова

 

 

       

        Аудандық маслихатты

        хатшысы                                                               Б.Утанов

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 июня 2021