Жетісай ауданының қала, кент және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы

Жетісай ауданының қала, кент және ауылдық округтерінің  жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 3-1 тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған Жетісай ауданының қала, кент және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентіосы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Жетісай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Жетісай аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы

 

Х. Кожбанова

 

 

Аудандық маслихаттың хатшысы:

 

А. Утанов

 

 

 

 

 

   

     

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 июня 2021