Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйегіндегі № 72 бұйрығына сәйкес сұранысқа ие мамандықтар тізбесі төмендегідей болып бекітілгендігін және құжаттарды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "электрондық үкімет" веб-порталы (egov.kz) арқылы өтініш беруге болатынын хабарлаймыз.