«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 31 бабтарына,«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12 бабына сәйкес және Жетісай ауданының жер қатнастары бөлімініңЖетісай ауданының сәлет және қала құрылысы бөлімінің ұсыныс хатына сәйкес Жетісай ауданы әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІжәне Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1)Жетісайауданы Жетісай қаласының әкімшілік шекарасына Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімшілік шекарасынан74,36гектар, Қарақай ауылдық округінің әкімшілік шекарасынан2,34 гектар,Қазыбек би ауылдық округінің әкімшілік шекарасынан0,36 гектар жерлерін қосу жолымен Жетісай қаласының әкімшілік шекарасын жалпы ауданы 1373,43 гектарға 1-қосымшасына сәйкес өзгерту;
2)Жетісай ауданыАсықата кенті әкімшілік шекарасына Ынтымақ ауылдық округінің әкімшілік шекарасынан336,13 гектар жерлерін қосу жолымен Асықата кентінің әкімшілік шекарасын 700,07 гектарға 2-қосымшасына сәйкес өзгерту;
3)Жетісай ауданы Абай ауылдық округінің әкімшілік шекарасынанҚызылқұм ауылдық округі әкімшілік шекарасына 612,04 гектар жерлерін беру жолымен Абай ауылдық округінің әкімшілік шекарасы 2898,44 гектарға 3-қосымшасына сәйкес өзгерту;
4)Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Жылы су ауылдық округінің әкімшілік шекарасынан13,51 гектар жерлерін қосу жолымен Атамекен ауылдық округінің әкімшілік шекарасын 13499,19 гектарға 4-қосымшасына сәйкес өзгерту;
5)Жетісай ауданы Ш.Ділдабеков ауылдық округінің әкімшілік шекарасын 9924,83 гектар 5-қосымшасына сәйкес бекіту;
6)Жетісай ауданы Ж.Ералиев ауылдық округінің әкімшілік шекарасын 10507,40 гектар 6-қосымшасына сәйкес бекіту;
7)Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімшілік шекарасынан Жетісай қаласы әкімшілік шекарасына 74,36 гектар, Мақтаарал ауданы Достық ауылдық округі әкімшілік шекарасына 187,83 гектар жерлерін беру жолымен, Мақтаарал ауданы Достық ауылдық округі әкімшілік шекарасынан Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімшілік шекарасына 95,93 гектар жерлерін қосу жолымен Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімшілік шекарасы 8818,10 гектарға 7-қосымшасына сәйкес өзгерту;
8)Жетісай ауданы Жылы су ауылдық округінің әкімшілік шекарасынан Атамекен ауылдық округі әкімшілік шекарасына 13,51 гектар жерлерін беру жолымен Жылы су ауылдық округінің әкімшілік шекарасы 11839,43 гектарға 8-қосымшасына сәйкес өзгерту;
9)Жетісай ауданы Қазыбек би ауылдық округінің әкімшілік шекарасынан Жетісай қаласы әкімшілік шекарасына 0,36 гектар жерлерін беру жолымен Қазыбек би ауылдық округінің әкімшілік шекарасы 9057,28 гектарға 9-қосымшасына сәйкес өзгерту;
10)Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округінің әкімшілік шекарасынан Жетісай қаласы әкімшілік шекарасына 2,34 гектар жерлерін беру жолымен Қарақай ауылдық округінің әкімшілік шекарасы 8288,21 гектарға 10-қосымшасына сәйкес өзгерту;
11)Жетісай ауданы Қызылқұм ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Абай ауылдық округінің әкімшілік шекарасынан 612,04 гектар жерлерін қосу жолымен Қызылқұм ауылдық округінің әкімшілік шекарасын 10005,26 гектарға 11-қосымшасына сәйкес өзгерту;
12)Жетісай ауданы Мақталы ауылдық округінің әкімшілік шекарасын 10870,73 гектар 12-қосымшасына сәйкес бекіту;
13) Жетісай ауданы Ынтымақ ауылдық округінің әкімшілік шекарасынан Асықата кенті әкімшілік шекарасына 336,13 гектар жерлерін беру жолымен Ынтымақ ауылдық округінің әкімшілік шекарасы 7477,71 гектарға 13-қосымшасына сәйкес өзгертіліп мақұлдансын.
Аудан әкімі М.Қадырбек
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы:
Аудандық мәслихаттың
хатшысы: А.Утанов