"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және "Жайылымдар туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңының8 бабының 1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Жетісай ауданының мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Аудандықмәслихат |
|
|
|
сессиясыныңтөрағасы |
|
|
|
Аудандықмәслихатхатшысы |
А.Утанов |
|
|
|
Жетісай аудандық мәслихатының 2021 жылғы _________№_____шешімінеқосымша
|
|
Жетісай ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған жоспары
Осы Жетісай ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 28 сәуір 2017 жылы № 15090 тіркелген), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 15 мамыр 2015 жылы № 11064 тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.
1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы);
2) жайылым айналымдарының қолайлы схемалары;
3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы;
4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы;
5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін, жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы;
6) ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы;
7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі;
8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жайылымдарды ұтымды пайдалану үшін қажетті өзге де талаптарды қамтуға тиіс.
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық мекемелер туралы деректер, иелерін-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.
Жетісай ауданының барлық жер көлемі 104634 гектарды құрайды. Барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы 86337 гектар, оның ішінде егістік жерлер 77045 гектар, оның ішінде суармалы егістік 77045 гектар, көп жылдық ағашты өсімдіктер 698 гектар, жайылымдар 1487 гектар.
Жер санаттары бойынша:
ауыл шаруашылық мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлері 86337 гектар;
елді мекендердің жерлері 12070 гектар;
өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер 492 гектар;
су қорының жерлері 5101 гектар;
Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Жетісай ауданында 1 қала (Жетісай қаласы), 1 кент (Асықата кенті), 11 ауылдық округтер (Абай, Ж.Ералиев, Атамекен, Ш.Ділдабеков, Қызылқұм, Мақталы, Ынтымақ, Жаңа ауыл, Жылы су, Қарақай, Қазыбек би) ауылдық, 103 елді-мекендер орналасқан.
Мазмұны:
1 Табиғаты
2 Климаты
3 Гидрографиясы
4 Ауыл шаруашылығы
Табиғаты:
Жетісай ауданның жері негізінен жазықты тегіс шөлейт келеді. Солтүстігін Келес ауданы, батысын Шардара суқоймасы, оңтүстігі Мақтаарал және оңтүстік батыс бөлігін Өзбекстан Республикасы алып жатыр.
Жер қойнауында мәрмәр, құм, бентонит балшығы және шипалы минералды сулары бар. Ауданның солтүстігін бойлай Сырдария өзені ағып өтеді.
Жетісай аудан жерінің басым бөлігі тегіс жазықтығынан құралған. Жері ашық сұр топырақты және құмды келеді. Өсімдіктерден бетеге, жусан, жүзгін, баялыш шөптері, өзен бойларында қамыс, бұта аралас ағаш өседі. Жетісай ауданында мақта, көкөніс, бау-бақша, астық, жеміс-жидек, жүзім дақылдары мен мал шаруашылығының барлық түрлері жақсы дамыған.
Жетісай ауданы табиғи-шаруашылық бағыты бойынша суармалы егістігі дамыған дала аймағына жатады.
Климаты:
Жетісай ауданының климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, қуаң. Атмосфералық жауын-шашындардың орташа жылдық мөлшері 80-300 мм-ге дейін жетеді. Жауын-шашынның көбі көктем айларына тиесілі. Жетісай ауанның жылдық температурасы қаңтарда -2-3 С, шілдеде +35+38 С болады. Кейде шөлейт аймақтарда +42+45 С дейін барады.
Жетісай аудан аумағында табиғи ауа райына байланысты өте жоғары құрғақты ыстық шөл және шөлейт аймағына жатады.
Бұл аймаққа Жетісай қаласы, Асықата кенті және Атамекен, Абай, Қызылқұм, Мақталы, Ж.Ералиев, Ш.Ділдабеков, Ынтымақ, Жаңа ауыл, Жылы су, Қарақай, Қазыбек би, ауылдық округтері енеді. Бұл аймақтың рельефі төбелі жазық болып келеді. Ауа райы жылы, құрғақты болып ерекшеленеді. Қысы қысқа, көбінесе жылы болады. Қардың қалыңдығы орта есеппен 11 см-ден аспайды.
Жылдық ылғал мөлшері 80-300 мм. 10 градустен жоғары кезеңде ылғалдың түсуі 60 мм-ден аспайды.
Геоботаникалық мәліметтер бойынша негізінен эфемерлі, эфемероидты ірі шөптердің барлық түрлері және бұталы өсімдіктері өседі.
Бұл аймақтың табиғи ауа райы төрт түліктің барлығына, ал мәдени өсімдіктен арпа, бидай, мақсары, жоңышқа өсіруге қолайлы.
Гидрографиясы:
Жетісай ауданның су қоры жер беті мен жер асты суларынан тұрады. Жетісай ауданы аумағындағы су жүйелерінің каналдардың жалпы саны 778 дана, ұзындығы 1533,1 шақырым, қашыртқылар 179 бірлік (ұзындығы 511,4шақырым). Ағын су жүйелері арқылы аудандағы 86337 гектар көлеміндегі суармалы жерлер жоғарыда аталған каналдардың бойында іргелес жатуына байланысты сумен қамтамасыз етіледі.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы каналы Сырдария өзенінен бастау алып, Ш.Ділдабеков, Ынтымақ, Ж.Ералиев, Абай, Қызылқұм, Атамекен, Мақталы, Жылы су және Қазыбек би ауылдық округтерінің егістік жерлерін суландырылады.
Жетісай ауданы аумағындағы бірнеше ауылдық округтерін қиып өтіп су қашыртқылары Сырдария өзеніне құяды.
Достық каналы - Өзбекстан Республикасы аумағынан бастау алатын Достық каналынан таратылған каналдар арқылы ауданның суармалы егістік жерлері ағын сумен қамтылады.
Сондай-ақ бұл каналдардан басқа К-24-1-1-1, К-25, К-25-9, К-26, К-28, К-30, К-30а, К-30-ІІ, К-30-ІV және К-34 сияқты ірі каналдары бар. Осы каналдар арқылы ауданның толық суармалы егістік жерлері сумен қамтылады.
Ауыл шаруашылығы:
Жетісай ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 86337 гектар.Оның ішінде егістік жерлер 77045 гектар, оның ішінде суармалы егістік 77045 гектар, көп жылдық ағашты өсімдіктер 698 гектар, жайылымдық 1487 гектар.
Жетісай ауданы бойынша ірі қара 53835 бас, уақ мал143155 бас, жылқы 9735 бас, түйе 487 бас.
Жетісай ауданындағы қала, кент және ауылдық округтері бойынша мал басының саны, табиғи жайылымының көлемі және табиғи жайылымды қажет ететін көлемі туралы мәлімет:
|
№ |
Ауылдықокругіатауы |
жайылымжеркөлем, га |
Жылқы |
Норма, га |
Қажетті, га |
Іріқара |
Норма, га |
Қажетті, га |
Уақ мал |
Норма, га |
Қажетті, га |
Жалпықажеттіжайлымдықжер, га |
|
1 |
Жетісай |
|
864 |
9 |
7776,0 |
3601 |
8 |
28808,0 |
33789 |
2,5 |
84472,5 |
121056,5 |
|
2 |
Асықата |
|
238 |
9 |
2142,0 |
2094 |
8 |
16752,0 |
9733 |
2,5 |
24332,5 |
43226,5 |
|
3 |
Абай |
5,0 |
310 |
9 |
2790,0 |
850 |
8 |
6800,0 |
13500 |
2,5 |
33750,0 |
43335,0 |
|
4 |
Ералиев |
18,2 |
1126 |
9 |
10134,0 |
5824 |
8 |
46592,0 |
7834 |
2,5 |
19585,0 |
76292,8 |
|
5 |
Атамекен |
588,0 |
889 |
9 |
8001,0 |
5364 |
8 |
42912,0 |
16778 |
2,5 |
41945,0 |
92270,0 |
|
6 |
Ш.Ділдабеков |
|
1208 |
9 |
10872,0 |
3131 |
8 |
25048,0 |
3564 |
2,5 |
8910,0 |
44830,0 |
|
7 |
Қызылқұм |
309,5 |
1295 |
9 |
11655,0 |
4618 |
8 |
36944,0 |
6365 |
2,5 |
15913,0 |
64202,5 |
|
8 |
Мақталы |
15,0 |
1072 |
9 |
9648,0 |
3775 |
8 |
30200,0 |
7626 |
2,5 |
18997,5 |
58830,5 |
|
9 |
Ынтымақ |
|
372 |
9 |
3348,0 |
4148 |
8 |
33184,0 |
2354 |
2,5 |
5885,0 |
42417,0 |
|
10 |
Жаңаауыл |
12,6 |
535 |
9 |
4815,0 |
5503 |
8 |
44024,0 |
24812 |
2,5 |
62030,0 |
110856,4 |
|
11 |
Жылы су |
56,6 |
418 |
9 |
3762,0 |
5669 |
8 |
45352,0 |
4817 |
2,5 |
12042,5 |
61100,0 |
|
12 |
Қарақай |
25,6 |
654 |
9 |
5886,0 |
3888 |
8 |
31104,0 |
4200 |
2,5 |
10500,0 |
47464,4 |
|
13 |
Қазыбек би |
|
424 |
9 |
3816,0 |
4267 |
8 |
34136,0 |
6327 |
2,5 |
15817,5 |
53769,5 |
|
Барлығы: |
1030,4 |
9405 |
|
84645,0 |
52732 |
|
421856,0 |
141699 |
|
354180,5 |
859651,1 |
|
Жетісайауданыбойынша жұртшылық шаруашылық малдарына қызмет көрсететін ветеринариялық-санитарлық объектілер: ветеринариялық станциялар-4, ұсақ малдарды шомылдыру орындары-5, жасанды ұрықтандыру пунктері-11, биотермиялық шұңқырлар саны-2
Ветеринариялық-санитариялықмекемелертуралыдеректер:
|
№ |
Ауылдықокругіатауы |
Мал дәрігерлікпунктері |
Малтоғытуорындары |
Қашырымпунктері |
Биотермиялықшұңқырлар |
|
1 |
Жетісай |
|
|
1 |
|
|
2 |
Асықата |
|
|
1 |
|
|
3 |
Абай |
|
|
1 |
|
|
4 |
Ералиев |
|
|
1 |
|
|
5 |
Атамекен |
|
|
|
|
|
6 |
Ш.Ділдабеков |
|
1 |
1 |
|
|
7 |
Қызылқұм |
|
|
1 |
|
|
8 |
Мақталы |
1 |
3 |
1 |
|
|
9 |
Ынтымақ |
1 |
|
1 |
1 |
|
10 |
Жаңаауыл |
|
1 |
1 |
1 |
|
11 |
Жылы су |
1 |
|
1 |
|
|
12 |
Қарақай |
|
|
1 |
|
|
13 |
Қазыбек би |
1 |
|
|
|
|
Барлығы: |
4 |
5 |
11 |
2 |
|
Жайылымжерлердіңқұрғақмассасыныңорташатүсімділігі 5,3 центнер/гектарына, азықтықбірлігі 3,1 центнер/гектарына.
Табиғижем-шөпалқаптарындағыжайылымдардыңтүсімділігі (центнер/гектарына) мен азықтықбірлігінебаға беру төмендегікөрсеткіштерменжүргізілді.
|
Жайылымдымаусымдықпайдалануұсынысы |
Азықтықбірлікбойыншажайылымсапасыныңөнімділігі (центнер/гектарына) |
||||
|
жақсы |
ортаданжоғары |
орта |
ортадантөмен |
жаман |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Көктемгі-жаздық, күздікжәнежаздық |
11,0 жоғары |
7,0-11,0 |
4,0-6,9 |
2,0-3,9 |
2,0 төмен |
|
Көктемдік |
7,5 жоғары |
5,5-7,5 |
3,0-5,4 |
1,5-2,9 |
1,5 төмен |
|
Күздік |
3,0-4,0 |
2,0-2,9 |
1,0-1,9 |
- |
1,0 төмен |
|
Көктемдік-күздік |
Екімаусымбойыншабағаланады, көктемдік-күздік |
||||
Жем-шөп қорының құнарлығы төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
|
Жайылымдымаусымдықпайдалануұсынысы |
Жем-шөптіңқұнарлығы (100 килограммқұрғақшөптегіазықтықбірліктіңкөлемі) |
||
|
жақсы |
орта |
Жаман |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
Көктемдік |
68-ден жоғары |
51-69 |
51-ден төмен |
|
Көктемгі-жаздық,күздікжәнежаздық |
50-ден жоғары |
40-50 |
40-тан төмен |
|
Күздік |
40-тан жоғары |
30-40 |
30-дан төмен |
Қорытынды.
Жетісай ауданыны бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылдың 14 сәуірдегі № 3-3/332 "Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің, шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, мал басына шаққандағы жайылымды есептей келе барлығы 859651,1 гектар жайылым жер учаскесі қажет екендігі анықталды.
Аудан бойынша барлығы 206725 бас (53835 ірі қара, 9735 жылқы, 143155 уақ мал, 487 түйе) малға көлемі 859651,1 гектар жайылымды пайдалануды қажет етеді.
Жетісай ауданындағы жайылымдық жердің жеткіліксіздігін шешу үшін, жайылымдық жерлерге түсетін жүктемені азайтып, мал өсіруді жайылымдық-қоралық жүйеден жайылымды қажет етпейтін мал өсіру жүйесіне (қорада ұстап бағу, бордақылау) ауыстыру қажет.
Ұсыныс.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылдың 14 сәуірдегі № 3-3/332 "Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің, шекті рұхсат етілетін нормасын бекіту туралы" бұйрығында мал басына белгіленген жайылымның шекті мөлшерін тұрғылықты жерге байланысты қайта есептеу ұсынылады.
Қосымшада ауыл округтері бөлінісінде мәліметтер, схемалар мен карталар:
1-қосымша – Жетісайқаласы
2-қосымша – Асық ата кенті
3-қосымша – Абай ауыл округі
4-қосымша – Ж.Ералиев ауыл округі
5-қосымша – Атамекен ауыл округі
6-қосымша – Ш.Ділдабеков ауыл округі
7-қосымша – Қызылқұм ауыл округі
8-қосымша – Мақталы ауыл округі
9-қосымша – Ынтымақ ауыл округі
10-қосымша – Жаңа ауыл ауыл округі
11-қосымша – Жылы су ауыл округі
12-қосымша – Қарақай ауыл округі
13-қосымша – Қазыбек би ауыл округі