Мәслихат депутаттығына кандидаттарға
талаптар мен қажетті құжаттар тізбесі
86-бап
3 тармағы:Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бір мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
33-бап
2. Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.
3. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы.
104 бап:
|
Партиядан немесе қоғамдық бірлестіктерден ұсынса |
Өзін- өзі ұсынса |
|
1. Партия, ҚБ жарғысынан (депутаттыққа ұсыну құқығын берітіндігі туралы) үзінді көшірме; 2. саяси партияның тиісті филиалы (өкілдігі) жоғары басқару органы отырысының уәкiлеттi органда саяси партияны тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi; 3. Партияның, ҚБ конференцияның хаттамасынан үзiндi көшiрме; 4. Азаматтың партиялық тiзiмге енгiзуге келiсiм беру туралы өтiнiшi; 5. Өмірбаяндық деректері; 6. Кандидаттың жарнасын енгізгенін растайтын құжат (5 еселенген* ең төменгі айлық жалақы мөлшері 85000=425000 теңге); 7. Мемлекеттік кіріс органының кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғандығы туралы анықтамалары; 8. Кандидаттың саяси партиядағы мүшелігін растайтын құжат 9. Жеке куәлік көшірмесі анық болуы керек (өзі, жұбайы); 10. Диплом көшірмесі; 11. Сурет 3*4- 2 дана. |
1. Кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш; 2. Кандидат туралы өмірбаяндық деректері; 3. Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы; 4. Кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат (5 еселенген* ең төменгі айлық жалақы мөлшері 85000=425000 теңге). 5. Жеке куәлік көшірмесі анық болуы керек (өзі, жұбайы); 6. Диплом көшірмесі; 7. Сурет 3*4- 2 дана. |