Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 5 қаулысы
Жетісай аудандық мәслихаты
депутаттарының кезектен тыс
сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі
негізгі іс-шаралардың күнтізбелік
жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98_ қаулысын басшылыққа алып, Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жетісай аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Жетісай аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Осы қаулы Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
|
Төраға |
|
Б.Сериков |
|
Хатшы |
|
Д.Сейдикеримова |