Жетісай ауданының Жетісай қаласы
әкімінің сайлау жөнінде сайлау
округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 14-бабының 6 тармақшасы, 21-бабының 3-тармағы, 22 бабы негізінде Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Жетісай ауданының Жетісай қаласы әкімінің сайлауы жөнінде:
1) Жетісай сайлау округі- Жетісай қаласы шекарасында құрылсын.
2. Жетісай қаласы сайлау округі, оның шекаралары және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Жаңа Жетісай» газетінде жариялансын.
Төраға Б.Сериков
Хатшы Д.Сейдикеримова