"Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
Егер Жетісай ауданының ішкі саясат бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді іске асыруға құқылы.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
қоғамдық саяси тұрақтылықты қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттің егемендігін нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
ауданда Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі және лауазымды адамдардың мемлекеттің ішкі саясатын іске асыру барысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, әкімдіктің, облыстың және аудан әкімдіктерінің, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына қатысты мәселелер жөніндегі актілері мен тапсырмаларын орындауына бақылау жасайды;
қоғамда демократиялық институттарды нығайтуға, Қазақстанды дамытудың 2050 жылға дейінгі Стратегиясының негізгі басым бағыттарын түсіндіруге және насихаттауға қатысады;
ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіріп отырады;
ішкі саясат саласында тұжырымдамалық негіздемелер және тәжірибелік ұсынбалар, сондай-ақ Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары, бірегей азаматтық құрылымдар негізінде қоғамды топтастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
ауданда болып жатқан қоғамдық–саяси процестерге және оның даму барысына жан–жақты және дұрыс зерттеу, қорыту және талдау жасайды;
аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау, оны жүргізу жөнінде аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіріп отырады;
аудандағы қоғамдық–саяси жағдайларды болжауға бағытталған әлеуметтік-саяси зерттеулер жүргізеді;
қоғамдық бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіби одақтармен, БАҚ-пен, жұртшылық өкілдерімен өзара әрекеттестікте қимыл жасайды;
әлеуметтік даму саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша, білім беру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік емес құрылымдардың қызметіндегі өзара келісілген іс-әрекетті қамтамасыз етеді;
аудан әкімі орынбасары жанындағы тұрақты комиссиялардың жұмысын іске асырады;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету;
мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
қарамағындағы мекеменің қызметін үйлестіру;
өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдармен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады, Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады;
ішкі саясат саласында Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі қызметін жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді, Жетісай ауданының ішкі саясат бөліміне қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және басқада материалдар әзірлеуді жүзеге асырады;
Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдармен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді, оның орындалуын қадағалайды, сондай–ақжергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады;
Аудандық деңгейде ақпараттық саясатты жүргізуге арналған жастар саясатымен мемлекеттік тапсырысты іске асыру жөніндегі аудандық бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асырады;
Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін ішкі саясат, азаматтардың құқықтарын сақтау және басқада мәселелер бойынша Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқада көмектер көрсетеді;
Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді;
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқада өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-3-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімішілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Әкімішілк құқық бұзушылық туралы кодексінің 804-бабы бірінші бөлігінің 50) тарамақшасына сәйкес, Кодекстің 456-3-бабының 1-бөлігінде бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
Ішкі саяси процестерді мемлекеттік реттеуге қатысады, жергілікті Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі ішкі саясат саласындағы қызметін үйлестіріп отырады, аймақтағы қоғамдық–саяси партиялар мен басқада қоғамдық бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізу, талдау жасау және ішк саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру, Қазақстандық патриотизм дінасихаттау және соған тәрбиелеу жөніндегі ұсынбалар әзірлейді және жұмыстарды ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының облыспен аудан әкімдіктерінің, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы қаулыларының, шешімдерімен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін мәселелер жөнінде тұжырымдамалық құжаттарды жасауға, аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысады;
аудан туралы, қоғамдық-саяси және экономикалық салада өкімет органдарының қызметі туралы ақпараттарды тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі аудан әкімдігінің жұмысына қатысады;
Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің құзырына кіретін мәселелер бойынша Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасымен, аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен ұйымдық және ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді;
Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі атқарған жұмыстары жөнінде Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасына үнемі есеп беріп отырады;
Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін мәселелер жөнінде бақылауды және үйлестіріп отыруды қамтамыз етеді;
Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
облыстық және аудандық қоғамдық –саяси, мәденишаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;
ауылдық округтер әкімдерінің, ауданның мемлекеттік мекемелерінің, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттің ішкі саясаты мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізу барысындағы қызметін үйлестіріп отырады және бақылау жасайды;
ауданның ішкі саяси өміріндегі маңызды мәселелері бойынша аудандық әкімдіктің мәжілісіне материалдар әзірлеуге қатысады;
кіші Ассамблеяға және оның хатшылығына ұйымдастырушылық және әдістемелік, ақпараттық көмектер көрсетеді;
ішкі саясат саласында, этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты белгілейтін, Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтарымен бостандықтарының сақталуын және қамтамасыз етілуін айқындайтын тұжырымдамалар, бағдарламалар әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің құзырына қатысты мәселелер жөнінде ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинау, жинақтау және қорыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
Саяси партиялармен, этно– мәдени бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, құқыққ орғау, діни және басқада қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады;
ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси процестерді демократияландыруға бағытталған облыстық және аудандық ғылыми–практикалық шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;
аудан әкімі аппаратының бөлімшелерімен бірлесе отырып, Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайды;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқада қызметтерді жүзеге асырады.
3-тарау.Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
3) сенімхаттар береді;
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) мемлекетік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады.
Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі: