«Жетісай ауданының мәдениет,тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау.Жалпы ережелер
1.«Жетісай ауданының мәдениет,тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мәтін бойынша – Мемлекеттік орган) мемлекеттік басқаруды заңнамада көзделген шекте мәдениет, тілдер, дене шынықтыру және спорт саясаты саласындабасшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
2.«Жетісай ауданының мәдениет,тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімініңведомстволары жоқ.
3.Мемлекеттік орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
5.Мемлекеттік орган азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6.Мемлекеттік орган егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7.Мемлекеттік орган өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеме басшысының актілермен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8.Мемлекеттік орган құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9.Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Жайшібеков Орамыкөшесі №8үй, пошталық индексі 160500.
11.Мемлекеттік орган қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12.Мемлекеттік орган кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік органның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұлғасында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Мемлекеттік орган заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе,онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13.Мақсаттары:
Мәдениет, тілдердідамыту, дене шынықтыру және спортты дамыту салаларында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
Құқықтары:
1) мемлекеттік органның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасу жүргізу:
2) ауданның атқарушы органдарының құжаттармен, ақпараттар, қажетті қызметтері бойынша жергілікті атқарушы органдардың жекелеген лауазымдық тұлғалардан түсініктемелер сұратуға:
3) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілрін, облыс, аудан әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындалуына тексерулер жүргізу, орындалмау себептерін анықтау және анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау:
4) аудандық әкімдіктің және маслихаттың мәжілістеріне, аудандық аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысу:
Міндеттері:
1)өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпарттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады, Бөлім құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады:
2)мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спортты дамыту салаларында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөніне аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді, бөліме қатысты мәселелер бойынша ақпараттың талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады:
3) бөлімнің қызмет саласына қатысты мәселер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді, оның орындалуын қадағалайды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады:
4) аудандық деңгейде мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт мәселелеріне мемлекеттік тапсырыстарды іске асыруға қаржыландыруды жүзеге асырады:
5) бөлім құзырына кіретін мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спортты дамытуда азаматтардың құқықтардың сақтау және басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді:
6) бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді.
7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асырады:
1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық жоспарларын әзірлейді және іске асырады:
2) спорт түрлері бойынша аудандық деңгейде жарыстар өткізеді:
3) спорттың әр түрі бойынша аудандық құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуін қамтамасыз етеді:
4) тиісті әкімшілік-аумақтың бірліктің аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытады:
5) аудандық мамандандырылған оқу-спорт мекемелерінің қызметін үйлестіреді:
6) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды береді: жасөспірімдер арасындағы екінші және үшінші, бірінші, екінші және үшінші разрядтар,біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жақтықтырушы,біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдістер,спорт төрешісі.
7) аудандық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлейді, бекітеді және іске асырады:
8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді:
9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді:
10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша дене шынықтыру ме спортты дамыту туралы мәліметтерді талдап,облыстық атқарушы органға табыс етеді:
11) аудан әкімдігінің тиісті бөлімдері үшін консультациялар мен семинарлар өткізеді және әдістемелік материалдар , ұйымдар даярлауды ұйымдастырады:
12) «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің актілерін орындау бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады:
13) мәдениет,тілдерді дамыту саласындағы Жетісай ауданы әкімдігінің консультативтік-кеңесі органдарының қызметін қамтамасыз етеді:
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізеді:
15) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады:
16) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалануы жөніндегі жұмысты ұйымдастырады:
17) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады:
18) ауданның мемлекеттік мәдениет және спорт ұйымдарын аттесттаттаудан өткізеді:
19) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады:
20) ауданның мәдени мақсаттағы обьектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады:
21) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді:
22) жергілікті мемлекеттік басқару мүддсінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады:
23)ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
24) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің729-бабы, 2-1 тармағында белгіленген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мен іс-қағаздарын жүргізеді;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен маңдайшаларды орналастыру туралы ұсыныстарға келісу немесе уәжді ескерту береді;
26) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды тұлғалардың барлық құқытарын пайдаланады;
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылық жүргізеді және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты болады;
2) бөлімнің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мекеменің Ережесінде айқындалатын өз құзіретіне сәйкес дербес шешеді;
3) бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
4) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді;
5) шарттар жасасады;
6) сенімхаттар береді;
7) бөлімнің іс сапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
8) банк шоттарын ашады;
9) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
10) бөлімнің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
11) бөлімнің қызметкерлерінеҚазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
12) бөлімнің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
13) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен және жергілікті атқару органымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
«Жетісай ауданының мәдениет,тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Мемлекеттік органның мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
«Жетісай ауданының мәдениет,тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
1.«Жетісайауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
2.«Жетісайауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай аудандық мәдениет үйі»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
3.«Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4.«Жетісайауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5.«Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай аудандық ұлттық спорт клубы» комуналдық мемлекеттік мекемесі.