"Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпыережелер
Егер Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
1) құрылыс, сәулет және қала құрылысы қатынастары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Құқықтары:
1)өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
2)Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес сотқа талап арызбен жүгіну;
3)Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
Міндеттері:
1)мемлекеттік органның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасу жүргiзеді;
2)жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады;
3)мемлекеттік орган қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;
4)мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады;
5)мемлекеттік органның құзіретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігі мен аудандық маслихаттың шешімдері мен қаулыларының жобаларын дайындауға қатысады;
6)Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындалуына тексерулер жүргізу, орындалмау себептерін анықтау және анықталған заң бұзушылқтарды жою жөнінде шаралар қабылдау;
7) аудандық әкiмдiктiң және мәслихаттың мәжiлiстерiне, аудандық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысу;
8) Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде белгіленген тәртіпте соттарда құқықтар мен мүдделерді қорғауды ұйымдастыру және талап-тілек қызметін жүзеге асыру;
9) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асырады.
1) құрылыс жүргізу барысында заңдылықтар мен тиісті нормалардың сақталуына бақылау жасау;
2) құрылыс саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселесі бойынша жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізудің, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының аумақтық бөлімшелерімен, лицензиялау органдарымен өзара іс қимыл жасау;
3) жергілікті мемлекеттік атқарушы органдар арқылы қаржыландырылған сараптама мен құрылысы аяқталған объектілердің қабылдау жұмыстарына қатысу;
4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
5) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;
6) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;
8) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауды және олардың күтiп ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру;
9) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
10) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын бекіту және іске асыру;
11) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;
12) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдауға ұсыныс беру;
13) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) туралы шешім қабылдауға ұсыныс беру;
14) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы біріңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен мемлекеттік органға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
3) сенімхаттар береді;
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік орган қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады.
Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату