"Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

"Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,

жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) мемлекеттік басқаруды заңнамада көзделген шекте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй қорын дамыту, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
  2. Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің ведомстволары жоқ.
  3. Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  6. Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

7.Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8.Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

  1. Заңды тұлғаның орналасқан жері. Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі №12, пошталық индексі 160500.
  2. Осы ереже Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

11.Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

12.Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары:

1) ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында және тұрғын үй қорын дамыту саласында, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту саласында, тұрғын үй инспекциясы саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету.

  1. Өкілеттіктері:

Құқықтары:

1) аудан әкімі мен әкімдігіне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, даму стратегиялары мен басымдықтары туралы ұсыныстар енгізуге;

2) өз құзыреті шегінде мердігерлерге орындау үшін міндетті нұсқаулар мен нұсқамалар беру;

3) аудан әкімі аппаратының бөлімдерінен және басқа да мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

4)аудан мекемелерінің, кәсіпорындарының, ұйымдарының, қоғамдық құрылымдарының мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша тексеру, сараптама және кеңес жүргізу және комиссия жұмысына қатысу үшін тарту;

5) өз құзыреті шегінде аудан аумағында энергетикалық қызметтің барлық субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылатын энергетикалық саясатты іске асыру мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;

6) өз құзыреті шегінде бақылау мақсатында энергетика, жол, су және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріне бару;

7) ауданның қаржы-несие, инвестициялық, жекешелендіру, салық саясаты бойынша шешімдерді әзірлеу, талқылау үшін қалыптастырылатын консультативтік комиссиялардың және жұмыс топтарының жұмысына қатысу;

8) заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпарат беру;

9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін күтіп-ұстау және коммуналдық қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысу, сондай-ақ бақылаудағы объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе көппәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқаруды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын азаматтарға, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға өтініштер бойынша консультациялық көмек көрсетеді, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес;

10) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар ұсыну;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Міндеттері:

1) автомобиль жолдарын күтіп ұстау мен жөндеуді ұйымдастыру және көлік, жол инфрақұрылымын дамыту;

2) автожол саласы қауіпсіздігінің деңгейін арттыру;

3) тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру;

4) халықтың өмірі үшін қолайлы санитариялық-эпидемиологиялық фон жасау;

5) ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің мониторингі;

6) меншік нысанына қарамастан ауданды жылу және электр энергиясымен, сумен тұрақты жабдықтаудағы барлық учаскелерді (жеткізушілер мен тұтынушылар) жедел үйлестіру;

7) Мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету;

8)тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік бақылау;

9) қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау.

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Функциялары:

1)ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, тұрғын үй қорын дамытуды, жолаушылар көлігін және ауданның автомобиль жолдарын дамыту жұмыстарын жүзеге асырады;

2)тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

3)тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

4)тұрғын үй инспекциясының кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі қызметін бақылау жөніндегі жұмысын ұйымдастырады;

5)бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді;

6)Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 32-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайда, кондоминиум объектісіне техникалық паспорттар дайындау жөніндегі шығыстарды өтеуді бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етеді;

7)Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі №673 "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен айқындалатын тәртіппен тұрғын үйлерді тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;

8) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келіседі;

9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша атқарылған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады.

10)коммуналдық шаруашылықты қысқы мезгілдегі жұмысқа дайындау бойынша кәсіпорындар-қызмет берушілер мен тұтынушылардың (ПИК) қызметін үйлестіреді және жұмысына бақылауды қамтамасыз етеді;

11) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;

12) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;

13)Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шарттарын жасасу, қажет болған жағдайларда жалға алушы мен оның отбасы мүшелерінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылды деп тану бойынша шаралар қабылдау;

14) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізу;

15)Республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында орналасқан тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық беріктігін орнықтыруға бағытталған іс-шараларды өткізеді;

16)авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады;

17)жерлеу орындарын күтіп-ұстау және тексіздерді жерлеу;

18)ауданның аумағы шегінде орналасқан су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен конкурстық негізде береді.

19)ауданды абаттандыру мен көгалдандыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыр.

20) ауданды санитарлық тазартуды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;

21)өндiрiс және тұтыну қалдықтарын сақтау мен көму орындарын күтiп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру.

22)коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуы нормаларын әзірлеп, аудан әкімдігі арқылы жергілікті өкілді органға бекітуге ұсынады;

23)өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторымен бірлесіп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін әдістемеге сәйкес есептелген тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтерiн әзiрлеп, аудан әкімдігі арқылы жергілікті өкілді органға бекітуге ұсынады;

24)коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;

25) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторымен бірлесіп, қалдықтарды жинау, әкету, залалсыздандыру, қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша операцияларды жүзеге асыратын субъектілер арасындағы тарифтердің мөлшері мен оларды бөлу тәртібін айқындайды;

26) қазандықтардың, жылу желілерінің және тұтынушылардың жылу пайдалану қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін;

27) қазандықтар, жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады.

28) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды қаланың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;

29) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;

30) ауданның су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады;

31) жасыл желектерді санитарлық кесуге (іріктемелік, жаппай) амалсыз алып тастауға, қайта отырғызуға, бөрікбастарын қалыптастыруға, санитарлық кесуге, ландшафтық кесуге, діңгегін тазалауға рұқсат беру;

32) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген жағдайларда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығарған кезде өтем төлейді;

33) қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес және аудан аумағындағы көріктендіру ержелерін бұзуға сондай-ақ аудандағы инфрақұрылымдар мен нысандардың бұзылуына жол бермеу;

34) аудандағы сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға келісе отырып ұйымдастырады;

35) аудан аумағындағы көлік аялдамаларын орнату, көріктендіру және ағымдағы жөндеуді ұйымдастыру;

36)инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына жобалау-сметалық құжаттамалар, техникалық экономикалық негіздер жерге орналастыру жобаларын әзірлеу жұмыстарын үйлестіру;

37) ауданның коммуналдық меншігіндегі қала көшелерін, саябақтарды, скверлерді, лотоктар мен арық-атыстар жүйелерін, ұңғымаларды және фонтандарды, көпшілік пайдаланатын жерлер мен көріктендіру, ескерткіш нысандарын өз дәрежесінде күтіп ұстауды ұйымдастыру;

38) ауданның коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, ауданішілік коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға келісе отырып ұйымдастырады;.

39) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi;

40) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

41) экономикалық тұрақты жұмысты қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жасайды және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысын бақылауды жүзеге асырады;

42) заң актілеріне сәйкес ауданның коммуналдық меншігін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

43) әділет органдарында жедел басқару құқығын мемлекеттік тіркеуді, мүлік және жылжымайтын мүлік объектілерін тіркеуді іске асырады;

44) азаматтық-құқықтық шарттар (сатып алу-сату, мердігерлік және басқа да шарттар) негізінде мүлікті сатып алу және оны жасау жұмыстарын ұйымдастыру;

45) заң актілеріне сәйкес ауданның коммуналдық меншігін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

46) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;

47) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыстар жүргізу.

48) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

49) автомобиль жолдарының (көпір өткелдерінің) учаскелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беру жөніндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүріп өту үшін мөлшерлемелердің мөлшерін әзірлеу;

50) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желiсiн, елдi мекендердiң көшелерiн басқару;

51) ауданның коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;

52)аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ автомобиль жолдарын және аудандар шегіндегі өзге де елді мекендердегі көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

53) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;

54) маршруттар және маршруттар бойынша жүру кестелерін бекіту үшін әзірлеп аудан әкімдігіне ұсыныс енгізуді, сондай-ақ оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыруды;

55) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;

56) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастырады;

57) шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн әзірлейді және аудан әкімдігіне ұсынады;

58) алыстағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдауды ұйымдастырады;

59) қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастарда әлеуметтiк мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;

60) тахографтарды орнату және оған қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;

61) таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;

62)жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

63) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;

64) кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау функцияларының жүзеге асыру;

65) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

66) тұрғын үй инспекциясының кондомиум обьектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі қызметін бақылау жөніндегі жұмысын ұйымдастыру:

67) кондоминиум обьекиісіне техникалық паспорттар дайындау жөніндегі шығыстарды орындауға,

68) коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асыру;

59)кондоминиум обьектісіне ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;

70) кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, мерзімділігін және кезектілігін айқындау;

71)мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыстарды атқаратын мердігерлік ұйымдар жұмыстарын бақылау;

72) осы тізімде көрсетілген обьектілерді жөндеудегі жобалау-сметалық құжаттарды әзірлейді, тиісті қызметтермен бірлесе отырып инженерлік құрал жабдықтарының, техникалық жағдайын, өз құзыры шегіне қызметтері мемлекеттік мекемеге жүктелген қолданыстағы нормативтік – техникалық және жобалық құжаттарға сәйкес оны күтіп-ұстау мен жөндеу жөніндегі кешенді шаралардың уақытылы орындалуын бақылау;

73)жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және жауап береді;

74) елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерінде бақылау субьектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерінде қадағалау .

75) кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабыладау жөніндегі комиссияларға қатысу;

76) кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына сәйкес бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынымдар) шығару.

77)пәтерлердің, тұрғын үй үй-жайлардың меншік иелері өтініш берген кезде кондоминиум обьектісін басқару және кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің болуына тексеру жүргізу;

78)пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум нысанын басқару нысанын таңдау рәсімінің сақталуына, ағымдағы және жинақ шоттарын ашу.

79) обьектіде және көппәтерлі тұрғын үйдің маңындағы аумақта пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталынуына мемлекеттік қадағалау.

80) көп пәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылу,энергия, газ және су ресурстарын есепке алу аспаптарының болуын қадағалау.

81)кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай күйіне, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды уақытылы орындалуына мемлекеттік қадағалау.

82) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуына мемлекеттік қадағалау.

83)жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын анықтауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізуге мемлекеттік қадағалау.

84)кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындаған жұмыстардың сапасына мемлекеттік қадағалау.

85) елді мекеннің шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен обьектілеріне қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау йункцияларын жүзеге асырады.

86)Тұрғын үй инспекциясы әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады.

87)Тұрғын үй инспекциясы елді мекендердің шекаралары шегінде тұрған үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерінде мемлекеттік бақылауды, сондай елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру.

88)Тұрғын үй инспекциясы кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін, көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін күтіп-ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтерді ұсыну бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысады, сондай-ақ бақыланатын обьектілердің иелеріне,көппәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерінде басқаруды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе азаматтарға, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға "әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келіп түскен өтініштер бойынша консультациялық көмек көрсетеді.

89)Тұрғын үй инспекциясы "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум обьектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынады.

90)Пәтерлердің , тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш берген кезде кондоминиум обьектілерінің жекелеген түрлеріне күрделі жөндеу үшін жоба-сметалық құжаттар әзірлейді.

91)Кондоминиум обьектілерінің жекелеген түрлеріне жөндеу жүргізу үшін техникалық және авторлық қадағалаушыны Заңнамаларға сәйкес анықтап береді.

92) Кондоминиум обьектілерінің жекелеген түрлеріне жөндеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңы талаптарына сәйкес тұрғындармен жиналыстар ұйымдастырады.

93) Мекеменің құрылымындағы тұрғын үй инспекциясы, кондоминиум обьектілерін басқару және техникалық қадағалау секторларының жұмысын ұйымдастыру.

94) апатты тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастырады;

95)елді мекендерді электр желісімен және газ жүйесімен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстарын жүргізуді үйлестіру.

96) қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастырады;

97) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

 

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  2. Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады.
  3. Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары жоқ.
  4. Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бірінші басшысының өкілеттілігі:

1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;

2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;

3) сенімхаттар береді;

4)заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;

5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

6) мемлекетік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады.

Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

 

 

 

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау.  Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қарамағындағы ведомстволық ұйымдардың тізбесі:

      1) Жетісай ауданы әкімдігінің "Жетісай қызмет" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жетісай су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын.

3) Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің "Жетісай аудандық газ техникалық қызметі және тұрғын үй қатынастары" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

 

Дата публикации
14 сентября 2026