"Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
Егер Жетісай ауданының экономика және қаржы бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
1) аудандық бюджеттің атқарылуын, мемлекеттік меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуы мен іске асырылуын қамтамасыз ету;
2) ауданның бюджеттік қаражаттарын және аудан әкімдігінің коммуналдық меншік объектілерін басқару;
3) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру;
4) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен өзара әрекеттестікте бюджеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру.
Құқықтары:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар.
Міндеттері:
2) ауданның тиісті қаржы жылына арналған бюджетін бекіту туралы аудандық мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу;
3) ауданның тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетін бекіту туралы мәслихат шешімін іске асыру жөніндегі аудан әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;
4) қаржыландырудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту;
5) жергілікті бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету және орындалуы туралы есепті әзірлеу;
6) ауданның үш жылға арналған бюджет жобасын әзірлеу;
7) басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру;
8) республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты жасау және оны тиісті органдарға ұсыну;
9) коммуналдық меншікті басқару, жалға беру, сату, жекешелендіру, жекешелендіруден кейінгі қызмет және дауларды реттеу, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
1)ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын әзірлеу және мониторинг жүргізу;
2)орта мерзімді кезеңге арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеу;
3) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамына енгізу үшін басым бағыты бар жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізімін қарау;
4)тиісті жоспарлы жылға арналған басым бағыты бар бюджеттік инвестициялық жобалардың тізіміне енгізу үшін инвестициялық жобаларын (бюджеттік) экономикалық қорытынды дайындау;
5)экономикалық дәйектеме негізінде, ауданның орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, салық салу базасына, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдеріне сәйкес аудан бюджетінің параметрлерін жоспарлау және үш жылдық кезеңге арналған (жоспарлы кезең) жергілікті бюджеттің жобасын құрастыру;
6)ауданның бюджетінің атқарылуын ұйымдастыру және мониторинг жүргізу;
7)тиісті есепті кезеңге ауданның бюджетінен қаржыландырылатын, атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін бағалау үшін тиісті жоғары тұрған уәкілетті мекемелерге құжаттар дайындау және ұйымдастыру;
8) бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
9) бюджеттік заңдылықтарға сәйкес ауданның бюджетінің міндеттемелер бойынша жалпы қаржыландыру жоспарларын, түсімдер жоспарын және төлемдер бойынша жалпы қаржыландыру жоспарын құрастыру, бекіту және жинақтау;
10)болжамды түсім көлемі негізінде төлемдер мен міндеттелемелер бойынша аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) қаржыландыру жоспарларын және мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларына талдау жасау;
11)бюджет қаражаттарын басқаруды жүзеге асыру, алдағы кезеңге бюджетке түсетін қаржының күтілетін көлемін анықтау;
12)басқа жақтан қаражаттар тарту процессін ұйымдастыру;
13)бюджеттік мониторинг жүргізу;
14)бюджеттік есеп жүргізу;
15)Қазақстан Республикасының бюджет заңдылықтарына сәйкес, ауданның бюджетінің айлық жылдық есептерін құрастыру және ұсыну, сонымен қатар, мемлекеттік басқару органдарына басқа да есептерді ұсыну;
16)бюджет заңдылықтары негізінде ауданның бюджетінің айлық, тоқсандық және жылдық есептеріне талдау жасау және бақылау жүргізу;
17)Қазақстан Республикасының бюджет заңдылықтарымен белгіленген тиісті органдарға ұсыну үшін дебиторлық және кредиторлық қарыздар туралы есептерді құрастыру;
18)ауданның бюджетінің атқарылуы туралы жедел мәліметтерді жинау, құрастыру және тиісті органдарға ұсыну;
19)инвестициялық жобалар, даму бюджетінің игерілуі барысына мониторинг жүргізу;
20)бюджет қаражаты есебінен берілген бюджеттік несиелерге қызмет көрсетуді жүзеге асыру, есебін жүргізу, мониторинг жүргізу;
21)бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы жөнінде жалпы қорытындылар дайындау;
22)ҚР қолданыстағы заңдылықтары және басқа да нормативтік-құқықтық актілер шегінде аудандық коммуналдық меншікті басқару және оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру;
23)аудандық коммуналдық мүлік есебін жүргізуді ұйымдастыру;
24)акциялары және үлестері мемлекетке тиесілі шаруашылық жүргізуге құқылы мемлекеттік кәсіпорындар және акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қаржылық-шаруашылық қызметіне мониторинг жүргізу;
25)аудандық коммуналдық меншіктерді аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітуді жүзеге асыру;
26)аудандық коммуналдық меншікті пайдалану және қолдану, иелену бойынша уәкілеттікті жүзеге асыру;
27)ҚР қолданыстағы заңдылықтары және басқа да нормативтік-құқықтық актілер шегінде және уәкілетті органдардың (бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің) тікелей қатысуымен аудандық коммуналдық меншіктегі нысандарды жекешелендіруді ұйымдастыру;
28)жекешелендіру үшін аудандық коммуналдық меншіктегі нысандарды беру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
29)коммуналдық меншікті және мүлікті жалға алу жөніндегі келісім шарттарды рәсімдеу (аудандық коммуналдық мүлікті), жалға берілген мүліктер бойынша төлем ақысын есептер көлемінің есебін құрастыру;
30)аудандық коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға және жалға беру шарты бойынша жұмыстарды үйлестіру;
31)заңдылықтарға және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес коммуналдық меншікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беруді ұйымдастыру;
32)аудандық коммуналдық меншіктің сақталуы, тиімділігі және ұтымды пайдаланылуы бойынша жұмыстар жүргізу;
33)ҚР заңдылықтарында белгіленген тәртіппен иесіз нысандарды анықтау және оларды есепке қойып әрі қарай коммуналдық мешікке қабылдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
34)ҚР заңдылықтарында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және әрі қарай пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
35)мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың коммуналдық меншіктегі нысандарын түгендеу және есепке алу бойынша теңгерім ұстауыштармен жұмыстарды үйлестіру;
36)мемлекеттің қатысумен акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қаржылық-шаруашылық қызметтерінің қорытындысы бойынша талдау жүргізу;
37)мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің байқаушы кеңесіне және директорлар кеңесіне қатысу;
38)мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыруға және өткізуге мониторингті жүзеге асыру;
39)мемлекеттік сатып алулар бойынша жинақ және есептерді ұсыну;
40)Бөлімнің қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру;
41)мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындардың және акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына өтуіне талдау жасау және мониторинг жүргізу;
42)ауданның жергілікті атқарушы органдарының резервтерді пайдалану бойынша мәліметтерді жинақтау;
43)Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес аудан және облыс әкімінің Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің және басқалардың тапсырмаларын орындау;
44) Қазақстан Республикасы заңдылықтарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларымен, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының нормативті-құқықтық актілерімен, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларымен, облыс және аудан әкімінің өкімдері және шешімдерімен белгіленген өзгеде міндеттер.
35)ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді:
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
3) сенімхаттар береді;
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) мемлекетік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
7)мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9)Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
10)сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады.
Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату