2026 жылғы 28 маусымда Жетісай ауданының Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімінің сайлау өтті.

2026 жылғы 28 маусымда Жетісай ауданының Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімінің сайлау өтті.

Жетісай аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Жетісай ауданының Жаңа ауыл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде аудандық сайлау комиссияларының қорытындыларын белгіледі:

Жаңа ауыл ауылдық округі бойынша

  Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 9840  азамат енгізілді, оның 5749 - сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны –13, «барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 42.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

 

Жақыпбек Болат Нурмаханбетұлы – 4540;  Көлбай Досалы Мұхтарұлы -573, Нурымбетов Жомарт Маратович – 581;

 

Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімі болып, 1988 жылы туған, Жаңа ауыл ауылдық округінің тұрғыны, Жетісай ауданының Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-жер инспекторы, «AMANAT» партиясы ұсынған Жақыпбек Болат Нурмаханбетұлы сайланды.  

 

Жетісай аудандық аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
07 сентября 2026