Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту

                                   Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау

2026 жылғы 23 тамыз

 

Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін

сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

Жетісай аудандық аумақтық  сайлау комиссиясының

ШЕШІМІ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 3-тармағының негізінде учаскелік сайлау комиссияларының ұсынуы бойынша сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

 

  1. Егер тізімге енгізілген сайлаушылардың бәрі дауыс берсе, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесі бекітілсін:

           

Р/б

№

Сайлау учаскесінің № ___  

Учаскенің орналасқан жері

1.        

№201

Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі №9В,

Аудандық  ішкі істер басқармасы

2.        

№218

Жаңа ауыл ауылдық округі, Ынтымақ ауылы,

Көрікті көшесі 24 Б, Аудандық орталық аурухана

3.        

№228

Асықата кенті  Қазыбек би көшесі 12А

"Асық ата"  Жетісай аудандық ауруханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимараты

 

  1. Бұл сайлау учаскелерінде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталсын.
  2. Осы шешімнің көшірмесі Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.

 

 

Комиссияның төрағасы                      _____________  Б.Б.Сериков

                            МО         

 

Комиссияның хатшысы                          _____________  Д.С.Сейдикеримова

                                                                                           

 

2026 жылғы «12» тамыз

Дата публикации
14 августа 2026