Ішкі талдау анықтамасының нәтижелерін талқылау жиналысы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, Жетісай ауданы әкімдігіне бағынысты жергілікті атқарушы органдарда ағымдағы жылдың 14 мамыр – 26 маусым аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 14 мамырынан бастап бүгінгі күнге дейін жүргізілген ішкі талдау анықтамасының алдын ала нұсқасын талқылау бойынша 18.06.2026 жылғы сағат 16:00-де жиналыс болып, талқылау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болуы мүмкін салалар мен тиісті құжаттарға тоқталып өтілді.
Сонымен қатар, талқылау барысында көтерілген мәселелер бойынша қажетті зерделеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі жөнінде тапсырмалар берілді.
«Жетісай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі