Жетісай ауданы аумағында орналасқан кәсіпорын, мекемелерде Электронды еңбек шарттарын жасасу, зейнетақы жарналарының аударылмауы және жазатайым оқиғалардан сандандыру бойынша Анықтама
Жетісай ауданында электорнды еңбек шарттарының болмауына байланысты сәйкессіздік анықталып 2026 жылдың 01 сәуіріне 327 мекеме 593 адамды құраған. Электронды еңбек шарттарының болмауына байланысты сәйкессіздік негізінен білім бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімдері мен медицина салалары қызметкерлерін құрайды. Электронды еңбек шарттарын сәйкестендіру бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Жетісай аудандық «Мансап» орталығы тарапынан жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Қала, кент, ауылдық округтер, салық басқармасы және тиісті мекемелерге хаттар тізімдерімен қоса жолданған. Түркістан облысының еңбек инпекциясы тарапынан күнделікті аудандар бойынша жүктеме (выгрузка) жасап жолдап отырады. Жолданған жүктемеге сәйкес, зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті бөлімдер мен қала, кент, ауылдық округтерге арнайы ашылған чат арқылы жолданып, жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнге еңбек шартарының болмауына байланысты сәйкестендірілмеген 98 мекеме 216 адамды құрап отыр. Олар негізінен мектептер, салық басқармасында тіркелген жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар мен ЖШС (Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктер. Кәсіпорындар мен бөбекжай балабақшалар) Электронды еңбек шарттарын сәйкестендіру бойынша 83,99 % пайызға орындалып, сәйкестендірілді..
Міндетті зейнетақы жарналарының болмауына байланысты сәйкессіздік 2026 жылдың 01 сәуіріне 1748 мекеме 6339 адамды құраған. Міндетті зейнетақы жарналарының сәйкессіздігі бойынша негізінен білім бөліміне қарасты мектеп, мемлекеттік және жекеменшік бөбекжай балабақша, шаруа қожалықтар мен медицина ұйымдарында міндетті зейнетақы жарналары уақытылы жүргізілмеу салдарынан туындап отырады. Бұл жөнінде де қала, кент, ауылдық округтер, салық басқармасы, білім бөлімі, денсаулық сақтау мекемелеріне арнайы хаттар тізімдерімен қоса жолданып, күнделікті тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жүргізілген жұмыстар бойынша бүгінгі күнге 703 мекеме 1950 адамды құрап 66,22 % пайызға орындалып, сәйкестендірілді.
Кәсіпорындар мен мекемелерде қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша ауданда 112 мекеме көрсетілген. Бүгінгі күнге 18 мекемеде қызметкерлер сақтандырылып 94 мекеме қызметкерлері сақтандырылмаған. Сақтандылылмаған мекемелер негізінен білім бөліміне қарасты мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар, діни бірлестіктер мен ЖШС (Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестер) 94 мекеменің тізімдері білім, ішкі саясат, кәсіпкерік және ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімдеріне жұмыс жүргізу жөнінде арнайы хат жоланып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.