2026 жылғы 28 маусымға тағайындалған Жетісай ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, кандидаттарды тіркеу барысы туралы ХАБАРЛАМА

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ЖАҢА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ  КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы:                                      

2026 жылғы 04 маусымдағы отырысында:

Жаңа ауыл ауылдық округі:

  1. 1987 жылы туылған, Жетісай ауданының Жылы су ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-жер инспекторы, Жылы су ауылдық округінің тұрғыны, «өзін-өзі» ұсынған, ұлты қазақ, Нурымбетов Жомарт Маратович;
  2. 2000 жылы туылған, Жетісай ауданының Мақталы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман - заңгер, Атамекен ауылдық округінің тұрғыны, «өзін-өзі» ұсынған, ұлты қазақ, Көлбай Досалы Мұхтарұлы;
  3. 1988 жылы туылған, Жетісай ауданының Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маман –жер инспекторы, Жаңа ауыл ауылдық округінің тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған, AMANAT» партиясының мүшесі, ұлты қазақ, Жақыпбек Болат Нурмаханбетұлы әкімдікке кандидат ретінде тіркегенін хабарлайды;

 

Дата публикации
08 июня 2026