Жетісай ауданының Жаңа ауыл
ауылдық округі
әкімінің сайлау жөнінде сайлау
округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 14-бабының 6 тармақшасы, 21-бабының 4-тармағы, 22 бабы негізінде Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Жетісай ауданының Жаңа ауыл ауылдық округі әкімінің сайлауы жөнінде:
- Жаңа ауыл сайлау округі Жаңа ауыл ауылдық округі шекарасында құрылсын.
- Жаңа ауыл ауылдық округі сайлау округтері, оның шекаралары және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Жаңа Жетісай» газетінде жариялансын.
Төраға Б.Сериков
Хатшы Д.Сейдикеримова