Түркістан қаласы 2026 жылғы 26 маусым
Осы талдамалық анықтамаға қол қоюшы жұмысшы топпен, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Түркістан облысы ветеринариялық іс-шараларды және мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру бөлімі, энзоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімі, 2026 жылғы 05 мамырдағы №29-н/қ бұйрығы негізінде 14.05.2026-26.06.2026 жж аралығында басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыттары:
1) Басқарманың қызметін қозғайтын сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстарды, оларды болдырмау мен алдын алу бағытын анықтау;
2) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
3) Мүдделер қақтығысын реттеу;
4) Мемлекеттік қызмет көрсету;
5) Рұқсат беру функцияларын іске асыру;
6) Бақылау функцияларын іске асыру;
7)Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
Талдамалық анықтама:
1) Басқарма бөлімдерінің біліктілік талаптарында айқындалған нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық (өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайтын) өкілеттік пен нормалар анықталмады;
2) Басқармада 2025-2026 жж аралығында жеке құрам, негізгі қызмет, іс-сапарлар және келісімшарт бойынша заңнама талаптарына сәйкес әзірленген.
3) Басқарма қызметіне зиян келтіруі мүмкін мүдделер қақтығысы анықталмады;
4) Басқарманың кұзыретіне мемлекеттік қызмет көрсету функциялары кіреді;
|
Бөлімдер атауы |
Функциялар саны |
|
|
1 |
Ветеринариялық іс-шараларды және мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру бөлімі |
1 |
|
2 |
Энзоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімі |
0 |
|
Барлығы |
1 |
|
5) Рұқсат беру функциялары бойынша: 2026 жылдың І–тоқсанында рұқсат беру бойынша 2 өтініш келіп түсіп, барлығы қанағаттандырылған;
6) Бақылау функциялары кірмейді;
7) Мемлекеттік сатып алулар:
Күтілген нәтиже халық арасында сарып ауруының таралуының алдын алу.
Күтілетін нәтиже ауыл шаруашылығы жануарлары арасында түрлі жұқпалы ауруларды болдырмау болып табылады.
Күтілген нәтиже халық арасында сарып ауруының таралуының алдын алу.
Нәтижесінде адамдар мен жануарлар арасында аса қауіпті аурулардың алдын-алу және мал ұрлығын болдырмау бойынша жұмыстар атқарылады.
Күтілетін нәтиже малдар арасында аурушаңдықты болдырмау.
Нәтижесінде адамдар мен жануарлар арасында аса қауіпті аурулардың лдын-алу бойынша жұмыстар атқарылды.
Жергілікті ветеринариялық ұйымдар облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аса қауіпті аурларға қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар бүгінгі таңда жоспарға сәйкес, мерзімінде орындалуда.
Түркістан облысында ветеринария саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайларын жою және анықталған проблемалық мәселелерді шешу мақсатында, Түркістан облысы ветеринария басқармасының атқарылып жатқан жұмысы туралы басқарманың ресми интернет - ресурсына және әлеуметтік желідегі парақшаларына жариялау тұрақты түрде жүргізілуде.
Сонымен қатар, ветеринария жүйесін реформалау шеңберінде процестерді цифрландыру, деректерді жинау мен беруді автоматтандыру бөлігінде бастапқы және нақты деректерді тікелей автоматты режимде негізгі ақпараттық жүйелерге жіберуге мүмкіндік беретін жаңа модульдер мен қосымшалар әзірленді.
Пилоттық режимде 6 модуль жұмыс істейді: «VetLab» (диагностикалық зерттеулер үшін) «RPO» (саламатсыз пунктер бойынша деректерді беру үшін), «Процессинг орталығы» (құлақ сырғаларының есебін жүргізу), «ВСС» (мал сою объектілеріне), «ISZH-mobile» (ветеринариялық дәрігерлерге), «TortTulik» мобильді қосымша (жануарлар иелеріне)
Бүгінгі күні бүрын іске қосылған «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - «АШЖБ» АЖ) ішкі жүйелеріне жаңартулар енгізілген, мысалы «VetLab» және «RPO» жүйесінде зерттеулердің оң нәтижесі автоматты түрде ашу/блоктауды енгізу бөлігінде жүйелерді нақтылау, «Еттің ветеринариялық-санитариялық сараптамасы» модулінде («ВСС» модулі) БАБЖ-мен 2 нысанды анықтаманы автоматты түрде қалыптастыру бөлігі пысықталды.
Сонымен қоса, жануардың жеке нөмірінің (ЖЖН) қайталануын болдырмау, құлақ сырғаларының жұмсалуын бақылау, жеткізушілерге жедел беру үшін автоматты түрде цифрлық разрядтарды генерациялау және сәйкестендіру үшін және эмиссиялық нөмірлерді алу рәсімі ұзақтығының алдын алу үшін «Процессингтік орталық» модулі пилоттық режимде іске қосылды.
Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап PlayMarket платформасында ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне арналған «TortTulik» мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұл қосымша 1,3 миллион ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне мобильді қосымша (ауыл шаруашылығы жануарларын қоғамдық есепке алу) арқылы «АШЖБ» АЖ деректерін жаңартуға және өздерінің ауыл шаруашылығы жануарларын тексеруге мүмкіндік береді. Бұл қосымшада мал иелері малдардың төлдеуіне байланысты, импортқа байланысты, жануарларды бір КАТО ішінде сатып алу және сату, жеке тұтыну үшін сою, мемлекеттік қызметтер, жануарларды есепке алу, ауыстыру (ЖЖН) жағдайлары бойынша жануарды тіркеуге өтінім жіберу функцияларына қол жеткізе алады. Пилоттық жоба кезінде мобильді қосымша жетілдіріледі және жаңартылады.
Бұдан басқа, тиісті НҚА-ға өзгерістер енгізілгеннен кейін республика бойынша ветеринариялық дәрігерлерге арналған тесттен өткен «ISZH-MOBILE» мобильді қосымшасын іске қосу жоспарлануда, онда: жануарлар бойынша мәліметтерді есепке қою, есептен шығару және қарау; алынған қан сынамалары бойынша тізімдерді жасау, жануарларды диагностикалық зерттеу жүргізу үшін ілеспе хатты және электронды форматта қан алу актісін ресімдеу (РВЗ-ның тізімінің тізілімі); оларды одан әрі «оффлайн» режимінде пайдалану үшін жануарлар бойынша деректерді жүктеу қарастырылған.
Реформада ветеринария саласын цифрландыру бөлігінде қан алу, вакцинация жүргізу кезінде ветеринарлық дәрігердің іс-әрекеттерін толық қадағалауды, ветеринарлардың жұмысын жеңілдетуді, қағазбастылықты азайтуды, автоматты режимде бастапқы, сенімді деректерді алу мүмкіндігін, сондай-ақ жануардың туылған сәттен бастап союға немесе есептен шығаруға дейін қадағалануы көзделген.
8) 2026 жылдың 5 айдың қорытындысы бойынша басқармаға 327 өтініш түскен. Өтініштер, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексі» талаптарына сәйкес қаралып, жауап берілген. Аталған өтініштерде сыбайлас жемқорлық мәселелері қозғалмаған.
9) Басқарманың қарамағындағы ұйым – Түркістан облысы ветеринария басқармасы «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын.
Қорытынды:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы жүргізудің нәтижесінде төмендегіше тәуекелдер анықталды.
Бұл рәсімдер облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы жүзеге асырылады. Конкурс нәтижесінде анықталған жеңімпаз мердігермен ветеринария басқармасының бюджеттік бағдарламаға жауапты маманы арасында сатып алынған материалдық-техникалық жабдықтау үшін, қызметкерлердің жеке қорғану заттарын, аспаптарды, құралдарды, техниканы, жабдықтарды және инвентарды қабылдау кезінде байланыс орнайды. Екі жақты байланыс кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттері орын алуы мүмкін.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша келесі ұсынылады:
Түркістан облысының ветеринария басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша енгізілген ұсынымдарды орындау бойынша
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
|
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша ұсынымдар |
Іс-шара атауы |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
Аяқтау нысаны
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1 |
ТО ВБ «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК басшы құрамы арасында Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 06 сәуірдегі №55 қаулысымен бекітілген ТО ВБ «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК Жарғысына сәйкес кәсіпорын қызметкерлеріне атқарған жұмыстары үшін берілген сыйақыларды қайта жинап алу фактілерінің алдын-алу |
Кәспорын басшысы мен қызметкерлеріне арнайы түсіндірме жиналыстар ұйымдастыру |
Басшы орынбасары К. Мейрманов |
тамыз |
Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерді және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында өткізілген жиналыс хаттамасы. |
|
2 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша |
Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен мәжіліс ұйымдастыру |
Басшы орынбасары К.Мейрманов |
тамыз |
Әдеп жөніндегі уәкілге жолданған хат |
|
3 |
Бюджеттік бағдарлама орындаушылары бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою |
Анықталған тәуекелі бар лауазымдарға қолдағы заң талаптарын түсіндіру |
Бас маман (заңгер) Д.Амирбек |
тамыз |
Атқарылған жұмыстар туралы басшыға ұсынылған ақпараттық хат |
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ 2026 ЖЫЛДЫҢ ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ.
ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛЕТІН ОРЫН ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ, ЖАҢА ҚАЛА МӨЛТЕК АУДАНЫ 32 КӨШЕ 20 ҒИМАРАТ БАСҚАРМАЛАР ҮЙІНІҢ 3 ҚАБАТ 326/1 КАБИНЕТІ.
ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУҒА ЖАЗЫЛУ ҮШІН БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ: 8-775-652-91-33
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ 2026 ЖЫЛДЫҢ ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ.
ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛЕТІН ОРЫН ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ, ЖАҢА ҚАЛА МӨЛТЕК АУДАНЫ 32 КӨШЕ 20 ҒИМАРАТ БАСҚАРМАЛАР ҮЙІНІҢ 3 ҚАБАТ 326/1 КАБИНЕТІ.
ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУҒА ЖАЗЫЛУ ҮШІН БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ: 8-775-652-91-33
29.01.2026 жылы Түркістан облысы ветеринария басқармасының басшысы Е.Жәнібековтың төрағалығымен облыстағы ветеринария саласында сыбайлас жемқоралық тәуекелдерін жою және алдын алу мәселелері туралы кеңейтілген мәжіліс өткізілді.
Мәжіліске басқарма қызметшілері, ТО «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК қызметшілері, аудан, қала филиалы басшылары мен мамандары қатысты.
Мәжіліс барысында басқарма басшысы сыбайлас жемқорлық себептерін жою, алдын алу және салдары туралы егжей тегжейлі баяндады.
Сонымен қатар, 2025 жылы атқарылған ветеринариялық іс-шаралардың орындалуы туралы тыңдау өткізіп, 2026 жылы атқарылатын ветеринариялық іс-шаралардың барысы туралы тиісті тапсырмалар берді.
Сілтеме видео https://www.facebook.com/share/r/1GNnhuc7Z6/?mibextid=wwXIfr
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жасаған жұмыс сапары аясында Шаға ауылдық округінде жүзеге асып жатқан «Ветеринария саласын цифрландыру» пилоттық жобасымен танысты. Аталған жоба жануарларды чиптендіру арқылы ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған. Жоба құны – 4 млн теңге. Қуаттылығы – 5 мың дана лента. Қазіргі таңда 5 мың дана шағылысатын лента сатып алынып, аудан және қала деңгейіндегі жол бойында орналасқан шаруашылықтарға таратылуда. Бұл жұмыстар нәтижесінде жол-көлік оқиғаларын азайтып, жол бойындағы жануарлардың нақты есебінің жүргізіп және мал иелерінің жауапкершілігінің арттыру көзделген.
Чиптеу жүйесін енгізу нәтижесінде облыс көлеміндегі мал басының нақты есебі қалыптасады. Бұл өз кезегінде ветеринариялық іс-шараларды жоспарлауда, аурулардың алдын алу мен бақылауда, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды тиімді іске асыруда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар әрбір жануардың өмірлік тарихы – вакцинациясы, ем-шаралары, қозғалысы цифрлық форматта сақталып, бақылауға алынады. Осылайша, жануарларды чиптеу ветеринариялық қауіпсіздікті нығайтып, саланы цифрлық жүйеге көшіруге және мал шаруашылығын тиімді басқаруға кең мүмкіндік береді.
Жалпы чиптеу – цифрландыруға оң әсерін береді және өмірлік тарихы бақыланады. Үй жануарына 1 рет салынады. Жалған мал басын субсидиялауға жол берілмейді. Несиеге алынған жануарлардың көрсету фактілері жойылады. Жануарларға егілген вакциналық іс-шараларды сканер арқылы оқып дерекқорға жылдам енгізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар 109 бірыңғай байланыс орталығы ветеринария саласында іске қосылып, ауыл тұрғындары ветеринар мамандардың қызметіне жүгіну, бағалау және кері байланыс беру мүмкіндігіне ие болды. Қазіргі күнге дейін 441 өтінім түскен. Жоба аясында ақылы қызметтерге автоматты төлем жасау үшін QR код орнатылған. 109 бірыңғай байланыс орталығын дамыту және ЖИ жүйесін енгізу бағытында мердігер компаниямен келісімшарт жасалды.
Сапар барысында облыс әкімі Нұралхан Көшеров жануарларды есепке алу, вакцинациялау мен ветеринариялық қызмет сапасын арттыру ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті міндеттердің бірі екеніне тоқталып, салада цифрландыруды одан әрі жандандыру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ пилоттық жобаны зерделеп, осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Айта кетсек, соңғы жылдары ветеринария саласына ерекше көңіл бөлініп, материалдық-техникалық базасы кезең-кезеңімен нығайтылуда. Бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп, салаға нақты қолдау көрсетілуде. Мәселен, 2025 жылы жергілікті бюджеттен 1,7 млрд теңгеге 85 дезинфекциялық автокөлік сатып алынса, қосымша бюджеттен 34,4 млн теңгеге төл алу мен өнімділік көрсеткішін арттыру мақсатында 17 УДЗ сканер аппараты жеткізілді.
Жиын барысында ауыл шаруашылық
жануарларын бірдейлендіру жұмыстарының
барысы, жұкпалы аурулардың, алдын алу
шаралары, ветеринариялық есеп пен
ақпараттық жүйелердің тимділігі қаралды.
"Ветеринариялык қызмет" ШЖК МКК ұжымы
жиналысқа қатысып, өз бағыттары бойынша
есеп берді және алдағы кезеңге арналған
тапсырмаларды қабылдады.
Басқарма басшысы Е. Жәнібеков сала
мамандарына ветеринариялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету, жануарлар саулығын сақтау
және жұмыстарды сапалы ұйымдастыру
бойынша нақты міндеттер жүктеді.
Жиын барысында атқарылған жұмыстардың
нәтижелері қаралып, сала бойынша негізгі көрсеткіштер талқыланды. Сонымен қатар,
алдағы кезеңге арналған жоспарлар мен
ветеринариялық іс-шаралардың тиімділігін
арттыру бағытындағы тапсырмалар берілді.
« Ветеринариялык кызмет» ШЖК МКК
ұжымы жиналыста берілген тапсырмаларды орындау бойынша тиісті шараларды
қабылдайтын болады.
Энзоотиялық аурулардың алдын алу мақсатында көктемгі залалсыздандыру кезеңі үшін Бүрку жоспар: 1 561 596 бас, орындалуы: 1 561 596 бас (100%), Тоғыту жоспар: 5 141 805 бас, орындалуы: 5 141 805 бас (100%), Үй іргелік қора-жайлар мен жапсарлас аумақтарға жоспар 39 162 040 ш/м орындалуы; 39 162 040 (100%) Мал иірімдерімен суаттар жоспар: 15 034 405 ш/м орындалуы: 15 034 405 ш/м (100%) Сыртқы қора-жайлар жоспар: 7 167 689 ш/м орындалуы: 7 167 689 (100%) залалсыздандырылып, жұмыстары толығымен аяқталып, екінші кезеңі шілде айынан бастап күзгі залалсыздандыру кезеңі үшін Бүрку жоспар: 1607109 бас, орындалуы: 936 278 бас (58,0%), Тоғыту жоспар: 5 390 799 бас, орындалуы: 1 684 078 бас (31,0%), Үй іргелік қора-жайлар мен жапсарлас аумақтарға жоспар 39 162 040 ш/м орындалуы; 23 784 502 (61,0%) Мал иірімдерімен суаттар жоспар: 15 034 405 ш/м орындалуы: 11 624 136 ш/м (77,0%) Сыртқы қора-жайлар жоспар: 7 167 689 ш/м орындалуы: 5 060 391 (71,0%) залалсыздандырылып, жұмыстары жүргізілуде.
Энзоотиялық аурулардың алдын алу мақсатында аудан қала тұрғындар арасында үгіт насихат жұмыстары бойынша КҚҚГҚ – ның сапалы әрі нәтижелі залалсыздандыру үшін, қора – жайларды механикалық тазалаудан (көң, қи, қоқыс) өткізу керектігі туралы 213 дана билборд, 552 дана ақпарат бұрыштамасына және 9 300 дана дана халық көп шоғырланған аймақтарға жадынамамен хабарландырулар ілініп және бұдан бөлек облыстық және аудан, қалалық газеттерге 25 мақала жарияланып және Facebook әлеуметтік желісіне 57 рет парақшаларға жарияланып, түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Облыс көлемінде эпизоотиялық ахуал тұрақты.