Cыбайлас жемқорлыққа қарсы анықталған тәуекелдерді жою бойынша іс-шара жоспары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау анықтамасы туралы.

 

«БЕКІТЕМІН»

Түркістан облысының

ветеринария басқармасы

басшысының м.а.

__________ Т. Елекеев

                                                                                                                               «______»__________2024 ж

 

Түркістан облысының ветеринария басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша енгізілген ұсынымдарды орындау бойынша  

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

№

Іс-шара

атауы

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Аяқтау нысаны

 

1

3

4

5

6

  1

«Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды сәйкестендіру» № 033 бюджеттік бағдарламасының негізінде чип, сканерді ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу және бағынысты ұйымдардан орындалу туралы есептер қабылдау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы

Бөлім басшысы

Н.Жақып

25.08.2024 жыл

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерді және құқық бұзушылықтарды болдырмау  үшін жауапты маманға түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру. Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің салдары туралы баяндама дайындау және әр қызметкердің танысу жағдайы туралы басқарма басшысына ақпараттық хат дайындау.

  2

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты орталықтандырып сатып алу және оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдау (жеткізу)» № 031 бюджеттік бағдарламасының негізінде атрибуттарды ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу және бағынысты ұйымдардан орындалу туралы есептер қабылдау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы

Бөлім басшысы

Н.Мырзаханов

 

 

01.08.2024 жыл

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерді және құқық бұзушылықтарды болдырмау  үшін жауапты маманға түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру. Қолданыста бар электрондық жүйелерден пайдалану және  түсіндіру жұмыстары бойынша өткізілген жиналыстардың хаттамасын ұсыну.

 

 

 

Дата публикации
20 июня 2024