Бекітілген Ереже

«Түркістан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі  ветеринария саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.              

Басқарманың ведомстволары жоқ.

Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

Басқарманың құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, ғимарат 20, индексі 161200.

Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

Басқарманың құрылтайшысы Түркістан облысы әкімдігі болып табылады.

Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

Басқарма кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, Басқарма «Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ветеринария саласындағы барлық құқықтары мен міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқоры болып табылады.

 

            

«Түркістан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) ветеринария саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Дата публикации
15 февраля 2024