Aуыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру бөлімінің АНЫҚТАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, облыс аумағындағы барлық ауыл шаруашылығы жануарлары бірдейлендіру (сырғалау, дерекқор базасына енгізу және ветеринариялық паспорт беру) жұмыстарын ұйымдастыру; облыс бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар мен бұйымдардың (құралдардың)  қажеттілігіне қарай  процессингтік орталыққа тапсырыс беру; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірілуі, веб-портал базасына ендірілуі, веб-порталдан шығарылуы туралы мәліметтеріне мониторинг жұмыстарын жүргізу; дерекқордың үнемі жүргізілуін қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2015 жылғы 29 мамырдағы №7-1/496 «Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын)  обьектілерді тасымалдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және ҚР «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 46-4 тармақшасына сәйкес,  тасымалдауға жататын орны ауыстырылатын обьектілерге бекітілген ветеринариялық құжаттарды (Ф№1, Ф№2,  Ф№3)  беруді ұйымдастыру және мониторинг жасау; аудан, қаладағы жануарлар өлекселері мен конфискаттарды өртеу үшін сатып  алынған инсинераторлардың жұмысына мониторинг жүргізу; мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету; сібір жарасы ауруының ошақтарын ағымдағы күтіп ұстау жұмыстары мен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу; мал қорымдарының тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары туралы деректерді жинауды ұйымдастыру;

Aуыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру бөлімінің АНЫҚТАМАСЫ
Дата публикации
15 февраля 2024