Эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бөлімнің АНЫҚТАМАСЫ

  • Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы және диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жоспарын жасау;
  • Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
  • жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
  • жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ұйымдастыру;
  • жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
  • ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
  • уәкілетті органмен келісім бойынша облыстың аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту
  • облыстың аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар ұйымдастыруды және жүргізуді үйлестіру;
  • ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
  • эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
  • ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;
  • Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтау үшін, қызметкерлердің жеке қорғану заттарын, аспаптарды, құралдарды, техниканы, жабдықтарды және инвентарды орталықтандырып сатып алу;

 

 

 

 

 

Эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бөлімнің АНЫҚТАМАСЫ
Дата публикации
14 февраля 2024