Түлкібас ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау жөніндегі конкурстың комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ
Т.Рысқұлов ауылы 11.02.2024ж.
Комиссия төрағасы: А.Нұрлыбай- аудан әкімінің орынбасары;
Комиссия төрағасының орынбасары: Д.Усманов- Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
Комиссия мүшелері:
Б.Курманалиев- Түлкібас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;
И.Мамбетов- Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Түлкібас көрікті ел» КММ-нің басшысы;
А.Нуранов- Түлкібас ауданы қоғамдық кеңесінің ауылшаруашылық, кәсіпкерлік, көлік, байланыс және кәсіпорын жөніндегі төрағасы (келісім бойынша);
Комиссия хатшысы: Ж.Акылбеков- Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы.
Күн тәртібінде:
Күн тәртібіндегі мәселелелері бойынша: комиссия төрағасы А.Нұрлыбай ашып, жоғарыдағы күн тәртібінде қаралатын мәселелерді баяндау үшін комиссия төрағасының орынбасары Д.Усмановқа сөз берді.
Д.Усманов өз сөзінде: Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодекстің 367 бап, 4-тармақ бойынша, орталықтандырылған жүйені жергілікті атқарушы орган осы Кодекстің талаптарына және коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын тұрмыстық қатты қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурс (тендер) өткізу арқылы ұйымдастырады.
Осыған байланысты, ҚР Экологиялық Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №508 бұйрығына сәйкес, Түлкібас ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау мақсатында, конкурстық құжаттамасы әзірленіп, аудан әкімдігі 19.01.2026 жылғы №24 "Түлкібас ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурс өткізу туралы" қаулысымен конкурстық комиссияның құрамы бекітілді.
Жоғарыда аталған бұйрығының 30-тармағына сәйкес, конкурс өткізу кезінде жергілікті атқарушы органдары елді мекендердің әкімшілік-аумақтық шекараларын ескере отырып, лоттарды (маршруттарды) бөледі.
Аудан аумағында 15 ауылдық округі, 59 елді мекен орналасқан.
ҚР заңнама талаптарын орындау мақсатында, аудан аумағы 5 лотқа бөлініп, әр лот бойынша аудан тұрғындарырдан қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жөніндегі мекемесін айқындау бойынша конкурсы ұйымдастырылуда.
Лоттар атауы мен әкімшілік-аумақтық шекаралары:
лот №1: Майлыкент ауылдық округінің, Ақбиік ауылдық округінің, Шақпақ ауылдық округінің, Жабағылы ауылдық округінің, Кемербастау ауылдық округінің, Түлкібас кентінің, Рысқұлов ауылдық округінің, Тастұмсық ауылдық округінің, Мичурина ауылдық округінің, Жаскешу ауылдық округінің елді мекендері;
лот №2: Балықты ауылдық округінің, Арыс ауылдық округінің елді мекендері;
лот №3: Састөбе кентінің елді мекендері;
лот №4: Машат ауылдық округінің елді мекендері;
лот №5: Келтемашат ауылдық округінің елді мекендері;
Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №508 бұйрығына сәйкес, комиссия мүшелері әр лот бойынша конкурсқа қатысушылардың өтінімдері мен бірге тапсырылған құжаттарды ҚР заңнамасының және Конкурстық құжаттамасының талаптарына сәйкестендіруді тексеріп, шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысушылардың материалдық-техникалық база бойынша деректер конкурстық өтінімде қайталанбауы тиіс.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған көлік құралдарының болуы:
- коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес келетін және жеке меншіктегі немесе жалға алу негізінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдауға арналмаған арнайы жабдықталған көлік құралдары (растайтын құжат);
- қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету жөніндегі қосалқы (авариялық) мамандандырылған техниканың болуы (жеке меншікте немесе жалға алу негізінде)
2) көлік құралдарының "Қазақстан Республикасының қоршаған ортасы мен табиғи ресурстарының жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесіне қосылған спутниктік навигациялық жүйелермен (GPS) жарақтандырылуы;
3) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету бойынша қызметтер көрсету үшін білікті басқарушы және Техникалық персоналдың болуы (еңбек шарты негізінде);
4) диспетчерлік пункттің болуы (құқық белгіленетін құжат негізінде);
5) көлік құралдарын жөндеу және тұраққа қою базасының болуы (жеке меншікте немесе жалға алу негізінде);
6) Полигонның немесе қатты тұрмыстық қалдықтар полигонымен шарттың болуы;
7) қоқыс шығару саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
8) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ҚР Экологиялық кодексінің 337-бабы бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тіркеу
(Қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасымалдау, қауіпсіз қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама)
9) Қалдықтарды сұрыптау, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі инфрақұрылымның болуы немесе қалдықтарды сұрыптауды, қалпына келтіруді және (немесе) жоюды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен жасалған келісім-шарты.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму полигонына қалдықтарды тікелей әкету тұрмыстық қатты қалдықтарды қалпына келтіруді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері болмаған немесе осы елді мекендегі осындай субъектілердің өндірістік қуаты жеткіліксіз болған жағдайда жүргізіледі.
Конкурсқа қатысушылардың банкроттық, мүлікке тыйым салу немесе т. б. рәсімдері болмауы тиіс.
Комиссия Конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдамайды, егер:
1) Конкурсқа қатысушы осы белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
2) Конкурсқа қатысуға өтінім осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес келмесе.
3) жалған мәліметтерді және/немесе жалған құжаттарды ұсыну.
Егер конкурсқа қатысу үшін бір өтінім келіп түскен жағдайда комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
1) жалғыз қатысушыны конкурстың жеңімпазы ретінде анықтауға, егер ол конкурстық (тендерлік) құжаттамамен қарастырылған талаптарға сәйкес келетін болса;
2) конкурсты қайта өткізеді, егер жалғыз қатысушы конкурстық құжаттамамен қарастырылған талаптарға сәйкес келмейтін болса.
Комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi олардың толықтығына, құжаттарда барлық қолдардың бар-жоғына, сондай-ақ жалпы ресiмдеу дұрыстығына тексеруi тиiс.
Комиссия мүшелері лот бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығына қатысушыларды айқындау жөніндегі Конкурсқа қатысушыларды бағалау жүргізіледі. Конкурстық құжаттамаға сәйкес келетін қатысушы комиссия шешімімен конкурстың жеңімпазы болып танылады.
Осыған байланысты бүгін комиссия мүшелері конкурсқа қатысушылардың өтінімдерімен танысып, әр лот бойынша дауыс беріп, шешім қабылдауымыз қажет.
Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп есептеледі.
Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы, не оның міндетін атқарушы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру рәсіміне комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде комиссияның шешімі қабылданған деп танылады.
Комиссиясының қарауына 5 лот бойынша 5 лотқа қатысу үшін өтінімдер түскен.
1-ші лот бойынша 1 өтінім түскен. Қатысушы: "Түркібасы" коммуналдық шаруашылығы" ЖШС.
2-ші лот бойынша 1 өтінім түскен. Қатысушы: "Алихан" ЖК.
3-ші лот бойынша 1 өтінім түскен. Қатысушы: "Kereit Group" ЖШС.
4-ші лот бойынша 1 өтінім түскен. Қатысушы: "Оразов" ЖК.
5-ші лот бойынша 1 өтінім түскен. Қатысушы: "Көмеков" ЖК.
Қатысушылардың лоттар бойынша тапсырылған құжаттарды комиссия мүшелерінің қарауына ұсынамыз.
Күн тәртібіндегі мәселесі бойынша комиссия мүшелері әрбір лот бойынша ұсынылған құжаттармен танысып, талқылап, ашық дауыс беру арқылы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
№1 лот бойынша: ""Түркібасы" коммуналдық шаруашылығы" ЖШС.
№2 лот бойынша: " Алихан" ЖК.
№3 лот бойынша: "Kereit Group" ЖШС.
№4 лот бойынша: "Оразов" ЖК.
№5 лот бойынша: "Көмеков" ЖК.
Комиссия төрағасы: ___________________А.Нұрлыбай
Комиссия
төрағасының орынбасары: __________________Д. Усманов
Комиссия мүшелері:
__________________Б.Курманалиев
__________________И.Мамбетов
__________________А.Нуранов
Комиссия хатшысы: __________________Ж. Акылбеков