«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

 

E-G-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, D-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Мынадай құзыреттердің болуы талап етіледі: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;    

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

 

Санат

Блок

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е-G-1

А

354069

406714

 

Түлкібас ауданы әкімінің аппараты

161300, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 201 үй. Анықтама үшін телефон: (8725-38) 79-406, 79-385,  эл.почта personal_tulkibas@mail.ru және m.nurimbetova@ontustik.gov.kz барынша рұқсат етілген файлдар өлшемі 30 мб.

 

Түлкібас ауданы әкімдігінің Майлыкент ауылдық округі әкімінің орынбасары                    (Е-G-1 санаты, 1 бірлік), (Блок А):

Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және әлеуметтік сала қызметкерлерінің жұмыстарын ұйымдастыру, қадағалау; Елді мекенде санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру, кәріз жүйелерінің күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мен елді мекенде көгілдір отынның үздіксіз болуын қадағалау, көшелерді қардан тазарту жұмыстарын ұйымдастыру; Қатты тұрмыстық қалдықтарды тастау полигонының тазалығын қамтамасыз ету және облыстық экология басқармасына тұрақты түрде есептерді тапсыру; ЭЦҚ-мен жұмыс жасау, тиісті құжаттарға қол қою. Округтің қоғамдастық жиынының жұмысына басшылық жасау. Кондоминиум жұмыстары, жолаушылар көлігі және такси қозғалысы жұмыстарын ұйымдастыру; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде жұмыстарды атқарады, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында округ әкімі аппаратының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілерді түсіндіреді. Жалпыға бірдей құқықтық оқу жұмыстарын жүргізеді. Елді мекендерді көгалдандыру, жасыл желектерді күтіп ұстауды бақылау. Тұрғындардың суармалы сумен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру; Діни бірлестіктер мен тарихи мәдени ескерткіштермен жұмыс жүргізу;  Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі шараларды қолдану; Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жұмыс жасау. «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түскен өтініштерді тіркеу, есепке алу. Құжаттар сотқа жолданған жағдайда тиісті сала бойынша жауап беру. Өз саласы бойынша «Е-өтініш» арқылы келіп түскен өтініштерге уақтылы, заң шеңберінде жауап беру. Тұрмысы нашар отбасыларына отын, сумен жәрдем беруді ұйымдастыру; Төтенше жағдайлардың алдын алу олардың салдарын жою жөніндегі іс шаралар жоспарының орындалуын іске асыру, дала өрттерін, елді мекендегі өрттерді сөндіру мәселелерін ұйымдастыру. Округте орналасқан білім беру мекемелерінің қысқы дайындық жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз ету. Округтегі коммуналдық қызметті атқаратын мекеменің атқаратын жұмыстарына жауапты және жасалынған жұмыстар туралы актілерді қабылдау, есепші маманына өткізу; Туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзгеде жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру: ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодексіне сәйкес, заңды және жеке тұлғаларға өз құзіреті шегінде әкімшілік хаттамасын толтыруға және айыппұл салу құжаттарын жүргізуге міндетті. Жауапты сала бойынша атқарылатын жұмыстардың ақау актілерімен ЖСҚ дайындау. Біріңғай талаптардың 40 тармағына сәйкес, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша функционалдық міндеттері мен ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындауға міндетті. Блок А

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: қызметтер (қызмет көрсету); бизнес, басқару және құқық (бизнес, басқару және құқық); жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика); ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық коммуникациялық технологиялар); педагогикалық ғылымдар (педагогикалық ғылымдар); ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (ұлттық қауіпсіздік және әскери іс); ауыл шаруашылығы және биоресурстар (ауыл шаруашылығы және биоресурстар); ветеринария (ветеринария); өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер және гуманитарлық ғылымдар); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары)

 

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар ішкі конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электрондық үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі немесе электрондық тасымалдағыштағы еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам құжаттарды Заңның 32-бабы 3-тармағына сәйкес бекітілген мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленген мемлекеттік органның жұмыс уақытында қабылдайды.

           Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған Түлкібас ауданы әкімінің аппаратында яғни, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201 үйде өтеді.

Заңның 29-бабы 1-тармағына сәйкес бос лауазымға орналасу үшін мемлекеттік орган ішкі конкурс өткізеді, оған сондай-ақ Заңда және "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңында айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.

Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) немесе бірыңғай конкурстық комиссия құрылған жағдайда ішкі конкурс аталған қызмет немесе комиссия солар үшін құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіледі.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына орналасуға
конкурс өткізу қағидаларының
2-қосымшасы

      Нысан

 

 

____________________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

       Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

      Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

      Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

       Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

                                                                                          (иә/жоқ)

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Мекенжайы: ___________________________________________________

      Байланыс телефондары: __________________________________________

      e-mail: ______________________

      ЖСН: ______________________

       _________      ___________________________

       (қолы)       (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

       20 __ ж. "___"_______________

 

 

Дата публикации
17 февраля 2026