1.1. Байқаудың мақсаты: Түлкібас ауданы логотипінің нұсқасын таңдау.
2.1. Байқау ашық өткізілетіндіктен қатысушылар санына шек қойылмайды.
2.2. Байқауға кәсіпқой суретшілер, дизайнерлер, сәулетшілер, сондай-ақ басқа да мамандық иегері қатыса алады.
2.3. Байқауға қатысушы бірнеше материал ұсынуына болады.
III. Байқаудың шарттары мен мерзімі
3.1. Жобаны әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін, сондай-ақ діни, рулық және тайпалық белгілердің бейнесін пайдалануға тыйым салынады.
3.2. Жоба бұрын пайдаланылмаған және өзінің ерекшелігімен жергілікті жердің болашақ даму бағытын құруды айқындайтын жаңа жұмыс болып табылады.
3.3. Жобаның визуалды құрамдас бөлігі, үш өлшемді кескіні және (немесе) моделі анық бедері болуы қажет.
3.4. Жобаны әзірлеу кезінде авторлық құқықты және (немесе) сабақтас құқықты бұзуға, плагиатқа жол берілмейді.
3.5. Түлкібас ауданы логотипі ауданға тән ерекшеліктерді көрсетуі шарт.3.6. Логотип көлемі 50х50см планшетте ұсынылуы тиіс.
3.7. Байқау материалдарының қағаздағы нұсқасы А2 форматында, электронды нұсқасы PDF, JPG, PNG түрінде тапсырылады.
3.8. Құжаттарды қабылдау 2026 жылдың 3 ақпан мен 2026 жылдың 3 мамыр аралығында жүргізіледі. Өтініштерді қарау мерзімі құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.
4.1. Байқауды ұйымдастырушы Түлкібас ауданы әкімдігі болып табылады.
4.2. Байқаудың жұмыстарын сараптау комиссиясы бағалайды.
4.3. Ұйымдастырушы байқау материалдарын иемдену құқығын, ал байқауға қатысушылар авторлық құқығын сақтайды, байқау жұмыстары қайтарылмайды.
4.4. Жеңімпаз аудан әкімінің алғыс хатымен және 100,0 ( жүз мың) мың теңге
қаржылай сыйлықпен марапатталады.
4.5. Байқауға қатысушы үміткерлердің ұсыныстарды тіркеу, қабылдау жұмыстары Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов көшесі №201, Түлкібас ауданы әкімдігінің ғимараты 3 қабат 314 кабинет. Байланыс телефоны : 87781472757 электронды пошта: sport_tulk@mail.ru.