Хабарлама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының  2017 жылғы                          21 ақпандағы №40 бұйрығының 2-3 қосымшасындағы «Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидасының»                 26 тармағына сәйкес, конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу жүргізіледі.

Іріктеу ықпалдастырылған ақпараттық жүйенің «eqyzmet.gov.kz» сыртқы интернет-порталында жүргізіледі.

Іріктеуге қатысу үшін өтінім 2025 жылдың 29-30 қыркүйек аралығында уәкілетті пайдаланушылардан жүйенің көмегімен қабылданатынын хабарлаймыз.

(Бағалаушы – бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда (құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ішкі саясат, экономика және қаржы, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар салалары), оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері).

 

Дата публикации
29 сентября 2025