Жабағылы ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 14 қыркүйекте Түлкібас ауданы Жабағылы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Түлкібас ауданы Жабағылы ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Жабағылы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 1383 азамат енгізілді, олардың 798 дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Азимбек Ә.Б – 81; Каракулов Б.К –594; Миятбек С.Р – 69; «Против всех» – 28.
1981 жылы туылған, Түркістан облыстық өңірлік филиалының Түлкібас аудандық ветеринариялық зертханасының ветеринарлық дәрігері болып қызмет атқарады, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Жабағылы ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған Каракулов Бауржан Кайратбекович Жабағылы ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы