Келтемашат ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 13 шілдеде Түлкібас ауданы Келтемашат ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Түлкібас ауданы Келтемашат ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Келтемашат ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 2406 азамат енгізілді, олардың 1484 дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бердалиев М.К – 1161; Нысанбаев Б.Р – 118; Оданов А.А – 151; «Барлығына қарсы» – 21.
1982 жылы туылған, Келтемашат ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарады, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Кершетас ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған Бердалиев Мурат Канатович Келтемашат ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы