Тастұмсық ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 29 маусымда Түлкібас ауданы Тастұмсық ауылдық округі әкімі сайлауы өтті.
Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Түлкібас ауданы, Тастұмсық ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Тастұмсық ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 2294 азамат кірді, олардың 1153-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 24, "барлығына қарсы" -85.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Мырзахметов Мұрат Мырзахметұлы – 234;
Омарбеков Медет Оналбекович – 810.
Майлыкент ауылдық округінің әкімі болып сайланды – Омарбеков Медет Оналбекович, 1986 жылы туылған, Уақытша жұмыссыз, Мичурин ауылдық округіне қарасты Майтөбе ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы