Арыс ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Арыс ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

 

         2025 жылғы 29 маусымда Түлкібас ауданы Арыс ауылдық округі әкімі сайлауы өтті.

         Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Түлкібас ауданы, Арыс ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Арыс ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 1674 азамат кірді, олардың 892-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 63, "барлығына қарсы" -35.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Наренбаев Болат Жумабекович – 636.

Кенжеев Дулатбек Айтбекулы – 82;

Нуртазин Жандос Жумабекович – 76;

Майлыкент ауылдық округінің әкімі болып сайланды – Наренбаев Болат Жумабекович - 1968 жылы туылған, Түркістан облыстық статистика департаментінде жетекші маман болып қызмет атқарған, Арыс ауылдық округіне қарасты Мақталы ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.

 

 

Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
30 июня 2025