Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
№ 108 ҚАУЛЫСЫ
Т.Рысқұлов ауылы 2025 жылғы 4 маусым
Түлкібас ауданының Келтемашат
ауылдық округі әкімінің сайлауын
тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-1 бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2025 жылғы 13 шілдеге Келтемашат ауылдық округіәкімінің сайлауы тағайындалсын.
- Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 5 шілдеден басталсын.
- 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған Келтемашат ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс- шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Шамшырақ» газетінде жариялансын.
Төраға Е.Каратаев
Хатшы С.Тлеубеков