Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
№ 106 ҚАУЛЫСЫ
Т.Рысқұлов ауылы 2025 жылғы 21 мамыр
Түлкібас ауданының Арыс және
Тастұмсық ауылдық округтері әкімі
сайлауларын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-1 бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2025 жылғы 29 маусымға Арыс және Тастұмсық ауылдық округіәкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
- Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 22 мамырынан басталсын.
- 2025 жылғы 29 маусымға тағайындалған Арыс және Тастұмсық ауылдық округтері әкімі сайлауларын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс- шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Шамшырақ» газетінде жариялансын.
Төраға Е.Каратаев
Хатшы С.Тлеубеков