Түлкібас ауданының Арыс және Тастұмсық ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы

Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

№ 105  ҚАУЛЫСЫ

Т.Рысқұлов ауылы                                      2025 жылғы 21 мамыр

 

 

Түлкібас ауданының Арыс және Тастұмсық

ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөнінде

сайлау округтерін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның            14-бабының 6-тармақшасы, 21-бабының 4-тармағы, 22-бабы негізінде Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Түлкібас ауданының Арыс ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде- Арыс сайлау округі Арыс ауылдық округі шекарасында құрылсын.
  2. Түлкібас ауданының Тастұмсық ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде- Тастұмсық сайлау округі Тастұмсық ауылдық округі шекарасында құрылсын.
  3. Арыс және Тастұмсық сайлау округтері, оның шекаралары және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Шамшырақ» газетінде жариялансын.

 

 

 

Төраға                                                              Е.Каратаев

 

 

Хатшы                                                              С.Тлеубеков

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
21 мая 2025